Балабақша. Тәрбие сағат: Сазды сырлы аспаптар

Oinet.kz 04-10-2020 1345

Күні:15.02.2018ж

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Білім беру бөлімі: «Музыка»        

Тақырыбы: «Сазды сырлы аспаптар»

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру және олардың дауысын ажырата білуге дағдыландыру.Балаларға аспап әуенін тыңдата отырып есте сақтау,есту қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтар:домбыра,қобыз,жетіген аспаптары,үн таспа,аспап суреттері.

Сөздік жұмыс: Ішек-струны,тиек-защелка,қобыз-кобыз,ысқыш-смечок т.б.

Әдіс тәсіл: Сұрақ-жауап,қимыл дауыс жаттығуы,ой қозғау стратегиясы.

Көңілді әуенмен балалар ішке кіреді,үш қатарға тұрады.

Сә-ле-мет-сің-дер-ме!(жетекші шапалақ ұрады)

Сә-ле-мет-сіз-бе!(балалар шапалақ ұрады)

Жетекші шаттық шеңберін құрғызып, «Марш» (Е.Андосов) әуеніне ілесіп аяқты нық басып,тізбектеліп шеңбер бойымен  жеңіл жаттығулар жасатады.Орындарына отырғызады.

Жетекші:Балалар бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Сазды сырлы аспаптар».Ал енді біз аспаптар туралы әңгімелесйік.Айтыңдаршы аспап дегеніміз не?

1-бала.Ол домбыра

2-бала.Асатаяқ

3-бала.Шаңқобыз

Жетекші:Өте дұрыс.Аспап дегеніміз-ол зат.Ол затты біз тартамыз,бірге өлең айтамыз.Қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Дауысы бар үні жоқ

Шертсең күйі әні көп

Құлағын аз бұра.

Бұл не?

Балалар: Домбыра

Жетекші: Ия жарайсыңдар «Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ –домбыра»дейміз.Аспапқа келсек бұрынғы заманда ата-бабаларымыз тастан,ағаштан,өсімдіктен,малдың терісінен,ішегінен,сүйегінен,қылдан т.б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып аспаптар жасаған.Қане қандай аспаптарды білеміз?

1-бала: Домбыра

2-бала: Қобыз

3-бала: Жетіген

4-бала: Сыбызғы

Жетекші: Жарайсыңдар өткен сабақтарадан біраз аспаптарды біледі екенбіз.Енді суреттен кім біледі екен?(Аспап суреттерін көрсетеді)

1-бала: Асатаяқ

2-бала: Дауылпаз

3-бала: Домбыра

4-бала: Жетіген

Жетекші: Жарайсыңдар ал енді сол аспаптың дауысын ажыратыңдаршы.

 Жетекші үнтаспадан домбыра,қобыз аспаптарының дауысын қояды.Балалар барлығы тауып бірге жауап береді.

Ән тыңдау: «Қос алқа»(Дәулеткерейдің күйі)

Әуенді қойып балалардың көзін жұмып тыңдауды ұсынады.

Жетекші:Көздеріңе не елестеді?

1-бала: Домбыра тарттым.

2-бала:Ат шабысын

 

Жетекші: Негізі бұл күйдің аты «Қос алқа» Дәулеткерей деген атамыз (суретін көрсетіп)  Ақбала деген қызды суреттеген,-деп күй туралы мағлұмат береді.

Жетекші:Балалар аспаптар ұрмалы(дауылпаз),үрмелі (сазсырнай), ыспалы(қобыз) болып бөлінеді екен.Соның ішіндегі қобыз ыспалы аспапқа жататын себебі оны ысқышпен ысып ойнайды.Мен сендерге қобыз аспабында «Қараторғай»деген шығарманы тартып берейін.

Жетекші: Ал балалар сендерге ұнады ма?

Балалар: Ия!

Дауыс жаттығуы:(Сергіту сәті)


 

Дағы-дағы-дың-дың

Домбырада ойнаймыз

Ішектерді қағамыз

Пернелерді табамыз

Домбыраны қолға алып

Күйшілерше шертейік

Бишілерше бұралып

Дөңгелене билейік

Ойын: «Аспапта ойнаймын». Шарты:Әр баланың қолында бір-бір  аспаптың суреттері болады,сол аспапты қимылмен ойнап балаларға көрсетеді.Бұл жерде «Ой қозғау» стратегиясын пайдаланады.

Жетекші: Бүгін біз түрлі аспаптарды білдік.Сол аспаптардың барлығын жинап ойнасақ қалай атаймыз?

Балалар: ОРКЕСТР!

Қимыл-дауыс жаттығуы:Ән «Оркестр»

Балалар әуенге ілесе әр түрлі аспаптардың ойнау тәсілін көрсетіп,ән айтады.

 

 

 

 

Қорытындылау:

-Ал балалар бүгін не туралы сабақ өттік?

-Аспаптар.

-Жарайсыңдар,қандай аспаптар?

-Домбыра,қобыз,жетіген.

-Өте керемет,ал бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Ия!

Жетекші жеке-жеке мадақтап ер балаларға ойларың жүйрік болсын деп асық таратады.Ал қыздарға жүзіктей әдемі болсын деп жүзік таратады.

-Жарайсыңдар!Сендер барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар.Рахмет  балалар!Қош сау болыңдар.

Балалар көңілді әуенмен қоштасып шығып кетеді.


Балабақша. Тәрбие сағат: Көктем жәндіктері
Балабақша. Тәрбие сағат: Үй құстары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу