ҰБТ-ке психологиялық дайындық

Oinet.kz 04-10-2020 1011

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтжанова Лаура

Пәні: психология

11-сынып

 

Сабақтың тақырыбы: ҰБТ-ке психологиялық дайындық

Мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіне оқушыладың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылауға дағдыландырудың және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.

Әдістер: топтық пікір-талас, ойын әдістері, медитациялық техникалар.

Дамытушылық: ҰБТ кезінде оқушылардың психологиялық дайындық керек екенін ескерту.

Тәрбиелік: кішіпейіл, мейірімділік, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, стресс тестер, түрлі-түсті қағаздар т.б.

Сабақтың түрі: ауызша

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикалық әдіс-тәсілдер.

Міндеттер:

1.                    Стреске қарсы тұруын арттыру.

2.                    Сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру.

3.                    Эмоциялық ерік сферасын дамыту.

4.                    Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенім білдіру.

5.                    Ішкі резервтерді етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.

6.                    Іс-әрекетін талдағанда, өз жауапкершілігін сезінуге көпктесу.

7.                    Конструтивті өзара әрекет дағдысына оқыту.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Бір-біріне тілек айту

Хандықтағы қағида:

Кешікпеу

Кедергі келтірмеу

Бағаламау

Үндемеу мұмкіндігі

«Қазір және осында»

Қарым-қатынастың басым болуы

Құпиялық

Белсенділік

Басынан бастап соңына дейін жұмыс

Қолды көтеру қағидасы («эфирде біреу»)

«Тоқта» қағидасы

«Пирог» қағидасы (көп сөйлемеу)

Осы хандықтың қағидаларын қабылдадық деген белгі ретінде қолды  шапалақтайық.

«Өз жұлдызыңызды табыңыз?» жаттығуы

Мақсаты: босаңсу мүмкіндігі және өзін сенімділікпен оптимизмге бағыттау.

Уақыты 20 мин.

Нұсқау: дөңгеленіп отырыңыздар және көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет терең демалып, оны шығарыңыз ... (музыка ойнайды).

Ал енді жұлдызды түнді елестетіңіздер. Жұлдыздр үлкен және кіші, жарық және күнгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақындаған нүктелер.

Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін бұл балалықтағы сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін ол сіздің бақыттығ қуанышты, шабытты кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да өз жұлдызыңызға сүйсініп, оған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға тетесіз. Аспаннан алып оны өз алдыңызға қойыңыз, жақынына қараңыз және оның көрінісінен қандай сәуле, жарық шашқанын есте сақтауға тырысыңыз.

Ал, енді алақандарыңызбен тізеден төмен қарай тобықтың тұсына дейін денені созып, көздеріңізді ашыңыздар, қағаз алып, түсті қарындаштармен өз жұлдызыңызды салыңыз. Оны қиып, біздің жұлдызымызды аспанға іліп қойыңыздар. Енді жұлдыздар әр тренинг сабағында бізге жарығы мен нұрын шашып, мейірім, достық, өз ара көмек қолдау сезімдерін бойымызға ұялатады.

Ал соңғы сабақта оны өздеріңізбен алып кетесіздер. Олар сіздерді білім жолында нұрландырып, емтихан мен өмірде сүйемелдейді. Жұлдыздарға мұқият қараңыздар: олардың арасында бірде-бір ұқсасы жоқ. Олар барлығы әртүрлі, сіздер мен біздер сияқты.

«Шынымды айтсам» жаттығуы

Мақсаты: айналадғыларлдың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымынан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау.

Уақыты: 15 мин.

Материал: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.

Нұсқау: Алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аласыз. Сізге ойланбастан сөзді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.

Топтама үлгілері:

Шынымды айтсам, тест, емтихан, туралы ойлансам....

Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда....

Шынымды айтсам, мен алдағы тест, емтиханда болатын сресті ұмытқанда....

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде....

Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның қобалжуын ойдағанда....

Шынымды айтсам, менде бос  уақыт болғанда....

Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде немесе биге барғанда....

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда....

Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда....

Шынымды айтсам, осы тест туралы естігенде....

Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде....

Шынымды айтсам, мен тренингке қатысқанда....

Талдау:

Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?

Топ қатысушылары туралы жаңа бір-бір нәрсе білдіңіздер ма?

Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңызға қандай?

 

Сергіту сәті:

Аспан

Жер

Су

От


Есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін керек.

Сресс тест

Мұғалім жалпы оқиды

Оқушы жауап береді

Қанша блл жинағанын айтып, қорытындылайды.

 

Ешқашан – 1

Кейде – 2

Жиі – 3

Әрқашан – 4

Оқушыларға түрлі түсті қағаз беріп, сендер бір нәрсеге ашуланып тұрсыңдар соны алу үшін мынау қағаздарды жыртып тастаңдар. Ашуларыңды қағаздан алыңдар. Сол қағаздарыңнан мынау ақ қағазға көңілің не сұрап тұр? Соны жасаңдар? Балалар ойланып (ағаш, гүл, үй, көбелек, тау, майда шөп) өз ойларын ақ параққа түсіріп, көрсетеді.

 

Қорытынды сөз:

Мұғалім міне, балалар кішкене болса да көңілдерің көтеріліп бір-бірімен табысы жақсы танысып кімге қалай сөйлеу керектігін біліп алдыңдар. Сендерді мен ҰБТ кезінде өздеріңді қалай ұстау керектігін біліп алсын, қағидаларлды сақтап бір-біріңе мейірімді, кішіпейіл бола біліңдер. Үлкен табыстарға биіктерден көрініңдер. Жұлдыздарың жанып тұрсын. Келешекте тәуелсіз еліміздің дамуына өзіндік үлес қосатын азмат болғандықтарыңызға сенім артамыз.

Педагогтарға арналған психологиялық тренингтер
Ілияс Есенберлиннің тарихи романдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу