Кіші жүз шежіресі. Байұлы. Шеркеш руы

Oinet.kz 06-10-2020 6624

ШЕРКЕШ Ұраны Шағырай, таңбасы:

Алтай кижи ұлты арасында теркеш (бұрынғы түркеш) деген тайпа атауымен байланысы. Қазақ халқының құрамындағы тайпа.

Шежіре деректеріне қарағанда, Кіші жүздегі Байұлының құрамына енеді. Шеркештен құлақасқа, қойыс, шумақ, жауқашты, қылышкескен, жетей, қосым тарайды. Бұлардың ішіндегі Қосымы Шеркештің асырап алған киімді баласы болса керек. Алайда, Шеркештің ықыласы ауып, еншілес еткендіктен исі шеркештер Қосым ұрпағын аға тұтып, төрге отырғызады. Ел аузында “Қосым шеркеш емес, кәтеней қосым емес” деп айтылатын .Қазақ шежірелерінде Шеркешпен есентемір, ысық тайпалары еншілес деп есептелінеді. Соған қарағанда, бұл ру бірлестіктерінің туыстығы ежелден сақталып келе жатыр. Таңбасына (бақанға ұқсас) қарап кейбір ғалымдар (Востров) бұлардың түп-төркіні найман болуы ықтимал деп есептейді. Басқа бір зерттеушілер ысықтар Ыстықкөл маңайын мекендеген, атауын сол көлден, сонымен қатар абыз сөзінен алады дейді. Қалай болғанда да, бұл бірлестіктер Түрік қағандығы, кейіннен Қыпшақ хандығы сынды мемлекеттер құрамына енген. Бірқатар ғалымдар Шеркешті черкестермен де байланыстырады. Олар бір-бірінен оғыз-қыпшақ заманында бөлініп кетуі де мүмкін. Серкеш (Шеркеш) руы өзбек-лоқайлар арасында кездеседі. Шеркештер туралы алғашқы мәліметтер А.Тевкелев, Ларионов рапортында, А.Левшин еңбегінде, кейінгі зерттеулерде ұшырасады. Оңтүстіктегі Шеркештер қоңырат, Ұлы жүздің бірқатар руларымен көршілес тұрған. Шеркештің басым бөлігі Жайық пен Еділ аралығын, Мыңтеке, Нарын құмдарын мекендеген. Атақты Шеркештер: Қалиев Алдияр, Алдияров Сабыржан, Бөгенбай батыр, Байбақты батыр, Асанәлi Әшiмұлы, Салық Зиманов, Қуаныш Алдиев, Аман Сарбалин, Сенебаев Аманбек.


Кіші жүздің шежіресі. Байұлы. Ысық
кіші жүздің шежіресі. Байұлы. Жаппас руы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу