Ашық сабақ. Музыка. Домбыраны алғаш тартып үйрену

Oinet.kz 25-05-2020 756

Тақырыбы: «Домбыраны алғаш тартып үйрену»

Домбыра оқытушысы:
Тұрғанбаев Нұрбек Қырымқұлұлы
1 класс оқушысы Дулатұлы Дастан

Ақтөбе – 2015жыл

Тақырыбы: «Домбыраны алғаш тартып үйрену»

Сабақтың мақсаты: оқушының аспапты ыңғайлы ұстап, дұрыс отыруын, қол қойылымдарын қалыптастыра отырып домбыра тарту шеберлігін дұрыс меңгерту.
Тәрбиелігі: оқушының өнерге деген ынта-ықыласын өсіріп, эстетикалық талғамын арттыру, музыканы дұрыс түсініп, тереңдей түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: қағыс түрлері, қол қойылымдары көрсетілген суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қол қойылымдарын қалыптастыруға арналған жаттығулар.
3. Сергіту сәті.
4. Қорытындылау.
5. Үйге тапсырма. Бағалау.
Домбыраны алғаш меңгеру барысында оқушы қолдарын еркін әрі бос қозғалтып үйренуі керек. Қағыс пен перне басуда екі қолдың үйлесімін келтіру, т.с.сияқты алғашқы ойнау тәсілдері домбыра ойнау шеберлігінің негізі болып табылады.
Домбыра тартып үйрену әуелі ашық ішектегі қағыстардан басталады. Домбыра ішегін қолмен қағып, дыбыс шығару әдісін қағыс дейді. Қағыстар бағытына қарай төменгі және жоғары қағыстар болып бөлінеді. Қағыс бағытының негізгі таңбалары былай белгіленеді.
Төмен қағыс
Жоғары бағыттағы қағыс
Домбыра тартуды әуелі төмен қағысты қағып үйренуден бастаған жөн. Себебі, ол – оң қолдың табиғи қолдың өте ыңғайлы қағыс. Сондай-ақ домбырада орындалатын ән-күйлердің көпшілігі төмен қағыспен басталады. Төмен қағыс қолдың білезік буынының қатысуымен сұқ саусақ арқылы алынады. Оқушы әуелі екі иығын босатып, домбыраны шынтақпен қыспай ұстағаны жөн. Қолды өз салмағымен бос тастай қағуы керек. Қағыс алу барысында қолдың білегі мен буынын әрлі-берлі бұрмай, оның қойылымдық қалпының өзгермеуін қадағалап, кіші тиек жағынан екінші қолмен домбыра мойнын сәл демеп отыру керек.
Жоғары қағыс төмен қағыстар сияқты бармақпен немесе сұқ саусақпен білезік буынының көмегімен қағылады.
Төмен қағыс пен жоғары қағыстың бірінен кейін бірінің кезектесіп келуі алма-кезек қағыс деп аталады.
Сергіту сәті.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма: Ноталардың 5 сызық бойындағы және перне бойындағы орналасуын жаттау.

Ашық сабақ. Музыка. Концерт залына саяхат
Ашық сабақ. Музыка. Домбыраның бұрауы, қағыстар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу