Төбе шашыңды тік тұрғызатын тылсым шығарма

Oinet.kz 18-06-2019 2851


мастер имаргарита.jpg

"Шебер және Маргарита" , Михаил Булгаков

Михаил Булгаковтың «Шебер және Маргарита» романы  - әлем әдебиетінің таралымы көп кітаптар тізіміне енеді. Жазушы 11 жылын романды жазуға сарп еткенімен қоймай өмірінің соңына дейін түрлі өзгерістер енгізіп отырған. «Шебер және Маргарита»  орыс әдебиетінің XX ғасырдағы ең үздік шығармасы деп танылған. Күрделі тарихы бар роман театрда қойылса да, фильм түсірілсе де шығармашылық тобына моральдық жүк түсірген.

2005 жылы Владимир Бортковтың «Шебер және Маргарита» сериялы жарыққа шықты. Режисер шығарманың мистикадан тыс екеніне дүйім жұртты сендіруге қатты тырысты. Бірақ түсірілім барысында болған мистикалық оқиға жайлы кейінірек баяндап берді. «Бірнеше жыл бұрын, түсірілімге дайындалып жүрген кез болатын. Патриархтың тоғанынан өтіп бара жатқан адам кенеттен маған: «Қалай болғанда да, сіз сәтсіздікке ұшырайсыз!» - деп әрі қарай жүрді. Бортко бұл тек сәйкестік деп санайды. «Шығарманы мистикамен байланысыру пессимистік болжам ғана»  деп режисер сұқбат берген. 

мастер.jpg

"Шебер және Маргрита" кинокартинасынан кадр.

Бортко сериялдағы Волонд рөлін актер Олег Базилашвилиге тапсырды. Көрерменде тарапынан бұл кейіпкерді шайтанға ұқсатушылар көп болды. Волонд монологын айтып тұрған сәтінде актер дауысын жоғалтады. Базилашвили осылай дауысын жоғалтады. Дәрігерлер оған толық тынығуды, екпе қабылдауды ұсынған. 

Майкл Берлиозды ойнаған Александр Адабашян көп ұзамай жүрек талмасымен ауруханаға түседі. Актер өзінің сырқатын рөліне және беймәлім тылсымға байланысты деп есептемейді.

мастер и маргарита.jpg

"Шебер және Маргарита" фильмінен кадр

Бұл жайттарды сәйкестік деп жылы жауып қоюға болар ма еді? Фильм жарыққа шыққан 5 жылдың ішінде 13 актердің опат болуы күмәнді ойды көңілге ұялатады. Кинокартинада Волонды тергеген актер Александр Чабан 47 жасында қаза табады. Оның денесі өз пәтерінен 2005 жылы 2 қазанда табылады.

Бір жыл өткен соң, 2006 жылдың Павел Комаров қайтыс болды,ол суға батып кеткен ақын Иван Бездомнаның кейімін ұрлайтын тонаушының рөлін сомдаған актер тіпті 40 жасқа толмаған еді. Ары қарай  Станислав Ландграф (сыншы Латунский), Кирилл Лавров (Понтий Пилат), Евгений Меркурьев (есепші), Александр Абдулов (Коровьев), Андрей Толубеев  (Алоизия Могарычті дыбыстаған),  Юрий Оськин (швейцар Николай), Галина Баркова (жеміс сатушы), Владислав Галкин (Иван Бездомный), Валентина Егоренкова (шіркеу мейірбикесі), Станислав Соколов (Понтия Пилаттің хатшысы), Михаил Суров (қосалқы рөл) жалпы 13 адам қаза табады. 

Әлемде кеңінен таралған мифологиялық кейіпкерлер
Перғауындар қарғысы: Аңыз ба әлде рас па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу