Сезім туралы өлең

Oinet.kz 01-01-2020 877

Сені Ай десем, өзімді бейне Күн дедім

Айым-ау менің, жаманшылыққа жолама.

Жаным-ау, өзің жан сырымды біл менің,

Күн болмаса, ай қадірі бола ма?


Сені жұлдыз десем, өзімді аспан дедім,

Гүл жанарына жұлдыздар сыры тола ма?

Жаным-ау менің, ойланып көрші өзің,

Аспан болмаса, жұлдыз қадірі бола ма?...


Сүйіктім, арманымды түсінбедің,

Жаным-ау, жақсы еді ғой түсінгенің.

Өзіңді ойлап, тек қана өзіңді ойлап, 

Білемісің жас жүрек күрсінгенін.


Бақыт құс боп аспанда ұшып жүрген,

Білемісің, арманның құлағанын.

Қиял менен өзіңді құшып жүрген,

Білемісің, жас жүрек жылағанын.

Қуыс кеуде. Өлең
Іздедім сені аяулым. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу