Мирас Асан. Көктем

Oinet.kz 14-08-2020 835

***

Келдің бе, рас па жап-жасыл көктем,

Махаббат сізге мәңгі асыл неткен!

Өзекте өлең тулайды шалқып,

Шаймаған толқын арнасын көптен...

image.png

Біреу-ақ біздің әнші бағымыз,

Таң моншақ талдан тамшыладыңыз...

Жапырағымды жап-жасыл ғұмыр,

Жайқалтты міне, жан шуағыңыз...

Келдіңіз сәл-сәл кешігіп керім,

Менің де мәңгі осы күткенім.

Қош көрдім сізді қоңыр қаз тағдыр,

Қоғалы қом су қосылып көлім...

Желкілдек бұрым желектер жайнаң,

Көтерді басын теректер де ойдан!

Ойнайды жасын аулаққа барып,

Жанарды жұлдыз өбектеп айман...

Жып-жылы жаңбыр еске сап тәтті,

Есіңізде ме, кешкен ек сәтті?

Майысқақ мамыр қамажай белді,

Келіншек самал кестелеп қапты!

Күркіреп көшті күз кеудем мұңы,

Табылар жанның іздеумен жұбы.

Аңқиды жұпар әр тағдыр сайын,

Аты әсем жұмбақ сіз келген күні...

2013

Мирас Асан. Неге алыс, қол созым жер мына қысқа
Мирас Асан. Біз мүлде кездеспейміз, далбаса үміт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу