Мирас Асан. Құлып жоқ махаббаттың кілтіне тең

Oinet.kz 15-08-2020 537

image.png

Құлып жоқ махаббаттың кілтіне тең,

Кілт жоқ, махаббаттың құлпы - көкем.

Алыстан хат алысып жеткен жақын,

Тұр бөтен қол алысып, сырты бөтен...

Бейнеміз кездеспейміз жанарға еніп,

Біз неге бере алмаймыз соларға ерік?

Күйеміз, іштей жақын сезімдерді,

Сүйеміз, сырттай бөтен адам болып...

Мүмкін бақ келер қолды созбаса көп,

Жаратқан бізді жырақ боздаса деп.

Біз содан кездесеміз ауызша ылғи,

Біз содан қоштасамыз жазбаша тек.

Кездескен күндер біздің - түсім дедім,

Қоштасқан күндер - күзгі құсым менің...

Жария жұп болмайды шын ғашықта,

Жасырын жалғыздық та ішінде оның...

Мирас Асан,

Алматы

Мирас Асан. Кереғар 2
Әзілхан Нұршайықов: Апамның айтқандары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу