Нұрхалық Абдырақын. Боямасыз өмір (әңгіме)

Oinet.kz 02-11-2020

image.png

Үстегі жыл жазы шынымен де аптап ыстық болды, аспан айналып жерге түсердей қапырық күндер арт-артынан жалғасты. Ми қайнаған шілденің19жұлдызына Алаһутағалада адам баласының нәпсісін сынап оразаны дөп келтірді, алғашында күніне малту көлшігі мен судың ішінде балықтай жүзіп ішкені алдында ішпегені артында әбден тырсылдап алған нәпсі шынымен де шыдамай кенезесі кептай-келіп, талайлардың түсіне су кіріп шошып, тер басып шөлдеп оянып жатты. 17сағатқа созылған жан тән рух оразасы талайларды жолынан тайдырды. Діні берік иманы күшті, діңгегі мықты тақуаларғана бұл 30 күндік оразаны әупірімдеп жүріп зорға аяғына шығарды. Тіпті осы қағыр ауа қапырық ыстықпен бірлесіп көп ауылдарда аспандағы ұшақты шаң қылатын топырақ тозаңы көкке көтерілді. Осылай Қазақ даласында Семей палигоны тоқтасада Байқоңыр ғарыш айлағынан шығатын атом жарылыстарынан асып түскен ауыл шаңы адамдардың көпшілігін әлергия кеселіне кіріптар етті. Бұл дерттен менде аман қалмадым, таңғы саресіге тұрғаннан түшкіретін мен бүкіл көршілерімді тоқтаусыз гүрсілдей, кейде ышқына барып айқайға ұластырып тынысым тарыла тоқтап оларды қалың ұйқысынан шошытып жүрдім, екінті намазынан кейін тағы басталатын кеселім анау құптан намазының соңын ала басылатынды тапты. Бала шағам көрші қолаңдарым әбден үйреніп қалды, үйренгені сол кейбіреулерінің менің түшкіретін кезімде құлағына мақта тығып алатын болды, оң жақтағы орысша тәрбиеленген көршім бұл жігіт нелеу дейтін болды, өйтетін де жөні бар мен ауылдағы 15мың теңгелік бала бақшаға баламды апармай қалаға тәрбиешісі жақсы, және тамағы халала деп тасыдым, одан қалса үйдің жанындағы 400 теңгелік моншаға бармай халал монша деп қалаға шапқылап жүргенім оның көңіліне симай жүргенде, адамдар онсызда шөлге шыдамай жүрген мына ыстыққта азаннан кешке дейін нәр татпауым әрине оған мені қалай айтсада жарасып тұр. Оразанның бітісіне айт намазынан кейін белі қақсап, аяқ қолы ауырып жүрген анамды алып, бала-шағамды машинама салып Шонжы ауданының Добын ауылындағы жылы су арасанына бардым, ол арадағы 56 граудыс ыстық суда біржеті демалып, республикамыздағы қытайлар жасаған ең әдемі тас жолда үйге қарай көліктің газын барынша басып, ыстық деп терезені ашып, майы қызметкері жоқ далада гулетіп келеміз, кенеттен құлағым «гүп» ете қалды. Оны елеген менбе түс ауа үйгеде жеттім, бірер шыны шайдан кейін құлағым ауырлал жақсы естімей қалды. Артын бағып ашылып қалар деп ыстық өткізіп таң атырдым, тағы сол ыстық өткізу, майлай деп ешқайда шықпай кешті батырдым, шам қояр шақтан бастап солқылдап ауыра бастады. Жан таппай ауылдағы24сағатық дәріханадағы ақ халатты дәрі сатушы апайға жағыдайымды айтқаным сол мына сұйық дәріні құлағыңның ішіне 3тамшыдан тамызда іспиртті мақтаға шылап құлағыңның айналасын ысқылап оранып жат тәңертең аттай болып тұрасың деп құантты. Медцина маманының айтқанын бұлжытпай орындадым, алайда құлағым тарс бекітіліп қалды, үйдегі аспалы сағаттың тырсылдаған даусынан жарым түнде мезі болушы едім, енді міне соны бір сәтте зарыға сағындым. Солқылдағаның басылғаны сол бүкіл денемдегі қан айналыстар, жүрек қағыстар, тамақ шайнастар менің барлық организімнің қимылы осы құлағым арқылы өтіп жатқандай түн баласы жанымды шығарды, сонда ған тозақ отының азабын ойлап есім шықты. Жерге жарық түсе далада арлы берлі ызыңдап басымды орап алып өлеңдетіп жүрмін. Қызмен уақытын зорға толтырып алқына ауылдық мед функитке бардым, есікте дәу қара құлып, сонда барып жексенбі күні бізде адамдардың ауырмайтын күні екенін бірақ білдім. Мереке мейраммен жексені күндері Алладан ауыртпа деп тілеуден басқа амал жоқ екенін енді сезінген мен сеік төбесіндегі маңдайшалыққа қарадым, Каз Цик деген жазуды көріп қытайдан көшіп келген туыстарымның менің ауылымның атын айта алмай қылмыңдап ұяла беретін түсіндім.Енді бірден Боралдай кенітінің №3 водник ықшам ауданындағы емханасына бардым, ол жерде тек жедел жәрдем бөлімінің дәрігері мені тек иттен ғана шығарып салды, сондағы айтқаны бізде құлақ мұрын дәрігері жоқ, тек көздікі бар ол ертең сағат 9да келеді деді. Ендігі үміт сол райондағы ақылы амбалатория Даулетке ат басын тіредім, олда күзетшіден басқа ешкімді қалдырмапты, солқылдаған құлағымның мүңін тыңдап үнсіз отырып қалдым, кенеттен №5қалалық көз, құлақ, мұрын емханасы есіме түсті.Осыдан быраз бұрын ұзын ағаштан әкем жолдамасын алып, тынысым тарылды, мұрным ауырады ота жасатам деп келіпті, әкемді ертіп осы емханаға барғанымда, мұрын бөлімінің бас маманы жас жігіт бізді талай есіктен сығалатып жарты күн аспаптарға салып, соңында айтқаны: «мұрныңыздың ішнен кіріп маңдайыңыздан жарып шығамыз» деді. Сіз енді осында жатып ота жасатуға тіркеліңіз деп басқа есікті нұсқады. Біз есіміз шығып бар қағазымызды арқалап айтқан бөлімге келсек, сіз құлағыңызды ота жасатасызба дегені, құлағы несі мұрын-ғой дейім мен,міне сізге құлаққа жолдама беріпті ұзын ағаш дегені. Осымен тіркелсеңіз біз сіздің құлағыңызды ота жасап тастаймыз дегені,пәледен машайық қашыпты деп осылай кетіп едік ол жерден, енді міне мен еш жолдамасыз сонда бара жатырмын,көшеде жайшылықта сеңдей соғылысатын көліктер де жоқ, емісде тағы сол дәрігерлер өткен жылы быр жарым айлық қызым ауырып тура осылай Каз Цикке барып олар білмей, Вдникке жіберді оларда білмей, аспаптары мықты деп қаладағы кәрістер ашқан Хақ емханасына жіберді, олар біз 12 жастан жоғары қараймыз деп кеудемізден тосты, сарпалдаңға түскен біздер енді Бағанашылдағы балалар инстиуотына жол тарттық, емхана ауласындағы авто тұрағына тиынымызды беріп зорға кірген біздер, асығыш ішке ендік, бізді жақтыртпай сыздана тексерген дәрігер аспап арқылы шешім шығара кіндік жырығы дереу ота жасату керек деді, онда іске сәт жасаңыздар десек бізде ота жасату ұшын бір жеті бұрын қағаз дайындайсыз сосын-ғана ота жасаймыз бұлай бірден жасай алмаймыз деп ең шешуші кезед тілін жұтты құрғырлар, ойбай-ау сіз айтқан қағаздарды артынан бүгінгі күнмен жасауға болар, ақшаларыңдыда алыңдар деп аяғына бас ұрдым, болмайды, біз адам емес қағазбен өмір сүреміз, сіздерге біздің көмегіміз тездетіп ота жасау жөнінде өз ройндарыңыздағы балалар емханасына қағаз жазып береміз деп тоқтады. Біз тізгін ұшы мен аптыға бетке алған емханағада жеттік мемелекеттік 100 ауырухана бағдарламасымен салынғаны анадайдан мен мұндалан көзге ұрып тұр. Біз бұнда жеткенде сағат тілі 16:00 ді көрсетті, алайда даңғазадай су жаңа ауыру үйінде адам аз, аптаның бесінші күні болғасын ба ота жасайтын дәрігерлер ертелеп үйіне кетіп қалған, бар бір дәрігердің өзі сөзімізді тыңдамай аяғының басын қайқайтып кісіліктеніп, арлы–берлі қыр көрсете жүреді. Мен бар білген заңымды, қызмет кінешкемді, қолымдағы ақшамы көрсетіп жүріп ота жасайтын ақ халаттыларды шақырттым. Тісімізді тісімізге басып үнсіз дұға оқып Алладан амандығын тілеп тұрмыз.Бір сағатқа созылған ота өте сәтті болды, осылай қызымыз бірінші Алланың екінші ақ халатты абзал жандардың арқасында ел қатарына қосылды. Отадан соң бір жеті ауырухана төсегінде жатқан қызымызды ұйге алып қайттық, ота жасаған бас маман біз косметикалық жолымен тіктік бәрі жақсы, анда-санда өздеріңіздің хирүкке көрсетіп тұрыңыздыр болады деп ескертті. Келесі жетіже хирүкке алып бардық, ол көре сала жібін аламыз дегені, бізге жібін алу жөнінде ота жасаған маман айтқан жоқ, сол кісіге әуелі қоңырау шалып сұрайық дедік телефоны алынбаған соң, ерінбей обылыстық емханаға алып барсақ, жібі алынбайтын ота дегені, өзімздің сол жез тырнақ жалмауыз кемпірше отырған, ернін баттастырып бояған хирүктен құдай сақтапты-ау деп зәрем ұштты.

Тағы сол доқтыр, ойбай тез жет балам, інің көлік апатына ұшырады, деген әке даусымен емім кетіп ұзын ағаш емханасына асығыс жолға шықттым, ойпаң жерден ырғытып, дөмпең жерден сырғытып тізігін ұшымен жеттім. Шұғыл құтқару бөлмесінде жатқан інімді қарнынан қысқышпен қысып жоғары байлап тастапты, аузында тыныс алдыру апараты, үсті басы қан, талықсыи тысқа шықттым, бас дәрігерге жолықтым, ол бізде амал жоқ, өте ауыр жағыдай деп жайбарақат отыр. –Ағатай-ау бір амал жасайық бәрі бір Алланың қолында-ғой, алатыныңды ал дегенімде. Бізде бұндай ота жасайтын маман жоқ, інің қалаға апарғанға жолға шыдамайды, қаладан дәрігер шақырта аласыңба дегені, дереу қаладағы туысқан ағама қоңырау шалын қаладан тездетіп доқтыр алдырып 4сағаттық ота жасап, бірінші Алланың екінші дәрігердің арқасында інімнің жаны қалып еді деп құлағымның ауырғанын ұмытыңқырып ақ халаттыларға үмітім күшейіп Қажмуқан мен достық көшесінің қиылысынан бұрылып кері қарай кетіп бара жатқан менің жанымнан зулап бара жатқан майы қызметкерлері тоқта-тоқтаның астына алды.

-Не боп қалды жігіттер деп машинадан түстім,үстімде жұпыры үй кимі, аяғымда сүйретпе екенін сонда бырақ білдім.

-Бағдар шамда жол ережесін бұздыңыз деп жөнсіз тиісті бұлар.

Есіме бірден тойдан қайт қайтқан Қожанасыр түсті, жайшылықта мойнымда галстук, кастом-шалбармен жүріп кейде асығыс жол ережесін шынымен де бұзған кездерімде жібере салыушы еді, киміме қарап бұлардың жала жауып тастай қатып тұрғанын бұлардың.

-Ей жігіттер мен ешқандай қателік жасаған жоқпын, оның үстіне ауырып емханаға барамын, жіберіңдер дегенімді тыңдайтын олар жоқ.

Қанпезер қасқыр иттей көзі қанталаған біреуі бірден күшке басты, сөзі кесек айқайлай сөйлейді.Енді жанындағы жасы үлкендеуі ұялды ма көлігінен түстіде жаяулап кетіп қалды.

-Менің саған беретін ақшамда жоқ, қолда қоймаймын қаттамаңа дедім.

Ол жан тапағанда пәлен-пәлен жол қиылысында бір жүргізуші маған күш көрсетуде жала жапқанның көкесін көрсетіп бас штабына хабарлады, мен шошып кеттім, жігітпіз-ғой бұлар өтірік айтуға болама десем, ол мен жігіт емес «гайімін» деп шіренді арсыз неме. Мен долыдан дю қашыпты дегендей қаттамасына қол қойдым да тайып тұрдым.

Қалтамда бар екі ақ мың теңгеммен емхананың ақылы бөлімнің есігін ашттым, кезекші дәрігер жылы қабылдап, құлағымды тексеріп бірден емдеуге көшті, бес күн келесіз ақшасы он мың теңге деді, мен кібіртіктей бар ақшамды санай бастап едім, болды, алдағы ақшаңа дәрі сатып ал, ертең тағы кел деп дауыстап ұзатып салды. Мен майы қызметкеріне қарағанда дәрігердің ақ ниетті адал жақсы адамдар екеніне тағада сене үйге қайттым...

Нұрхалық Абдырақын. Үйсін (әңгіме)
Нұрхалық Абдырақын. Жабайы мысық (әңгіме)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×