Мұқағали Мақатаев. «Көлің қайда, туған елім?»

Oinet.kz 09-01-2020 1590

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Көлің қайда, туған елім?

Шабақ болам титтей.

Белің қайда, туған елім?

Ойнақтайтын киіктей.

Далаң қайда, туған елім?

Жатайын да ойлайын.

Бабам қайда, туған елім?

Сақалымен ойнайын.

Шөлің қайда, туған елім?

Шөліркейін, аңсайын.

Құлазыған құмдарыңда,

Ғұмырымды таусайын.

Көгің қайда, туған елім?

Желігейін, қалқиын.

Желің қайда, туған елім?

Желпінейін, шалқиын.

\"Тауың қайда, туған елім?

Табынайын, ардақтай,

Жауың бар ма, туған елім?

Атылайын садақтай.

Мұқағали Мақатаев. «Қазынам бар»
Мұқағали Мақатаев. «Апырмай, туған жер-ай»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу