Ақтамберді жырау. «Сары аязда қата ма»

Oinet.kz 16-09-2018 991

Сары аязда қата ма

Қайнардың аққан тұнығы?

Қап түбінде жата ма

Болаттың асыл сынығы?

Халқың тозып, кем болмас,

Әділ болса ұлығы.

Рақымсыз жақыннан

Халқы қатты түңілер.

Сырқат болсаң жат жерде,

Жаныңа кім үңілер?!

Әділ туған жақсыға

Екі даугер жүгінер,

Тізесін қисық бұрмаса,

Асылдығы білінер.

Ақтамберді жырау. «Жауға шаптым ту байлап»
Ақұштап Бақтыгереева. «Азамат»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу