Ақұштап Бақтыгереева. «Ақ Жайық, тасы, төгіл»

Oinet.kz 16-09-2018 1058

39b5803739a7fabe9d6447362f904555.jpg

Ақ Жайық, тасы, төгіл, көңіл қалдыр,

Аумалы-төкпелі ғой өмір бәрібір.

Айналған полигонға сор даланың

Бір рет тым болмаса шөлін қандыр.

Ақ Жайық, тасы, құйыл сайларыма,

Телегей болып жайыл жайлауыма.

Біреулер еске алатын болсын сені

Біреулер басын исін айбарыңа.

Шырылдар қарлығашың - Ақұштабың,

Қайтейін қанатсызбын, алыстамын.

Мінезің оятар деп үміттенем

Қалғыған кейбіреудің намыстарын.

Ақұштап Бақтыгереева. «Ақ Жайыққа жыр арнағым келеді»
Ақұштап Бақтыгереева. «Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу