Әбілдә Тәжібаев. «Күзет әні»

Oinet.kz 16-09-2018 949

1514099543_03.jpg

Жарық түнде жазық дала, жайлауда,

Шаршамаймыз атқанша тан ойнауға,

Ай астында алтыбақан тербеліп,

Үйренгенбіз толқынды жыр толғауға.

Тербел, тербел алтыбақан жайлауда,

Жалықпаймыз атқанша тан сайрауға.

Ән мен өлен қой, қозыны тербетіп,

Жануарға жандай серік болмай ма?

Түнгі дауыс тым алысқа кетеді,

Жаңғыртады, тауды дірілдетеді,

Жайлауында жаздай думан қайнаған,

Қандай қызық күзетшілер мекені!

Айтақ-айтақ әупілдеп қой, сақ құлақ,

Айналып шық ауыл сыртын шапқылап.

Қасқыр түссе жолбарысша жұмарлап,

Азуыңды қадағайсың қаттырақ.

Жарық түнде, жазық дала, жайлауда,

Жалықпаймыз атқанша таң сайрауға.

Ай астында алтыбақан тербеліп,

Үйренгенбіз толқынды жыр толғауға.

1940

Әбілдә Тәжібаев. «Көзіңді аш»
Әбілдә Тәжібаев. «Правдаға»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу