Қайынжұртшыл жігіттер көбейіп барады

Oinet.kz 19-11-2019 1972

қайынжұрт.jpg

Жігіттің туыстары келіншегіне, ал әйелінің туыстары күйеуіне қайын жұрт болып келетіні белгілі. Ежелден-ақ қазақ халқы қайынжұрттың қадірін білген. Әсіресе тұрмысқа шыққан қыз күйеуінің туыстарын сыйлай біліп, сол отбасыға сіңісіп кетуі керек. Сол әулеттің адамдарын «қайыным» деп есімдерін атамауға тырысады. Сол секілді күйеу жігітте те келіншегінің отбасы мүшелерін барынша сый-құрмет көрсетеді. Себебі қайын жұртына барғанда күйеу кішік болып жүреді. Төрге отырмайды. Сол үйдің малын сойысып, кісісін күтісіп, қонағын аттандырысып, қайырым жұмысын істеп, шаруасының бір жағына шығып, көмектесіп жүреді. Қазақта «Қайын жұртың – міншіл. Жағаңның қызылдығына, қолыңның ұзындығына қарайды. Жуас болсаң жүндейді, мықты болсаң күндейді» деген сөз бар. Алайда бүгінде міншіл қайынжұрттар азайып барады. Керісінше күйеу баласын төрге шығарып, тым еркелетіп алған отбасылар бар. Әрине пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған. Дегенмен күйеу жігіт пен қайынжұрттың арасында қарым-қатынатсың өз шекарасы бар. Өз басым соңғы кездері қайынжұртымен бір шаңырақ астында өмір сүретін күйеу балдардың бірнешеуін көрдім. Бірде Бағлан деген «қайынжұртшыл» досым үйіне қонаққа шақырды. «Шақырған жерден қалмауға болмағасын» тәттілерімді көтеріп бардым. Қайынжұртының есігін айқара ашқан доасым мен келіншегі мені күтіп алып, төрге шығарды. Сөйтсем үйінде келіншегінің туыстарының барлығы бар екен. Бір-екі сағаттай қонақ болдым. Шынымды айтсам емін-еркін отыра алмадым. Біртүрлі қысылдым. Ол үйде досымның да демі тарылып жүргенін сездім. Ендеше, бұлай өз-өзіңді қинаудың қаншалықты қажеті бар?

Қазақта күйеу бала ешқашан қайын ата, енесінің қолында тұрмаған. Бұл салтымызға жат. Сонда бұл  «Заманыңа қарай бөркіңді кидің» кебі болып тұр ма?  Жігіт  отау құрған соң ата-анасы жас отбасын қолына алып қалады немесе еншісін беріп бөлек шығаратыны бюелгілі. Ал қазіргі еншісін алған жігіттердің қайынжұрттың қолтығына кіріп алатын әрекеттерін түсінбеймін. Бәлкім, төркіншіл әйелінің «билігінен» шыға алмайтын болар. Қайынжұртшыл жігіттердің көбейгендігінен бе, қазір ене туралы анекдоттар, әзіл-қалжыңдар көбейді. Орыс халқында күйеу балдар енелерін «жамандау» қалыпты үрдіске айналған. Себебі көршілерде әйелінің шаңырағында өмір сүру ұят емес.  Сол «сарылардың» анекдоттарын біздің пародитстер қазақиландырып өзінше әзіл шығарып жүр. Бұл әзілдер қазақтың құлағына түрпідей тиеді екен. 

Қысқасы, туыстың бәрін қадірлеп, сый-құрмет көресу адамдықтың белгісі. Дегенмен ұлтымызда «ағайынмен алыстан аралас»  деген сөз бар. Осы сөзді әсіресе, жігіттер қауымы қаперінде ұстаса деймін. 

Ербол Әріпханов, 

Жамбыл облысы

Қарт ананың марқұм шалына жазған хаты
Отбасын жоспарлау маңызды қадам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу