Анамнан қорқып жүріп, күйеуімнен айырылып қалам ба деп қорқамын

Oinet.kz 19-06-2022 6525

Саламатсыздар ма қыз-келіншектер. Осы жерден түрлі тағдырларды ұдайы оқып отырамын. Өз басымдағы жағдаймен де бөлісуді жөн көрдім. Шынымды айтсам менің басым қатып кетті.

Screenshot_4.jpg

Жасым 21-де. Екі балам бар. Аллаға шүкір деймін. Басты мәселем үш ай бұрын күйеуіммен ажырасып кеткен едім. Қанша бір бірімізді жақсы көріп тұрсақ та жиі ұрысамыз. Мінезіміз сәйкес келмейді деуге болады. Ұрыспайтын күніміз жоқ десек те болады.

Осы ажырасар кезде де болмашы нәрсеге ұрысып, ақырында ажырасып тындық. Алайда соңғы кездері жолдасым қайтадан қосылайық деп жүр.

Қазір төркінімдемін. Алайда ата-анамның алдынан өтіп, кешірім сұрап кешірейгісі келмейді.

«Шыққан қыз шиден тысқары» деген рас екен. Қазір төркініме де сыйыса алар емеспін. Бауырларым жақтырмайды. Үлкен болып ақыл айта бастасам, ажырасып келгенімді бетіме баса береді. Анам да солардың жағына шығып алады.

Негізі о баста мен мамамның айтуымен ажырасқан едім. Сол кездері еш өздігімнен шешім қабылдай алмай, басым қатып кеткен еді. «Заңмен ажырасасың, қайтып қосылсаң екі дүниеде кешірмеймін» деген еді. Тіпті «сені ешқашан көрмейміз» деді.

Енді қазір күйеуім «қайт, балаларды ал да автобусқа мін» дейді. Екі ортада басым қатты. Күйеуімді қатты жақсы көремін. Тек қоймай ренжіскенде түңіліп кетем.

Соңғы кездері не күйеуімнен не, не төркінімнен жылулық көрмей жалғызсырап жүрмін.

Кейде мамамнан қорқып жүріп, күйеумнен айрылып қаламын ба деп те қорқамын.

Не істеймін, қай жолды таңдаймын. Өмір көрген жандар ақыл қоссаңыздар екен.

Айша, Талдықорған қаласы

alashainasy.kz

Ағам алып келген украин келіншек
Алып қашқан қызын ертесіне үйіне масқара етіп қайтарып жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу