8 жасымда көрші атаның үйіне қинап жіберген анамды жек көрем

Oinet.kz 01-06-2023 11324

Әлі есімде... Көрші үйде дүркіреген той болып жатты. Біз – бала-шаға у-шу болып, сол жақта асыр салып ойнап жүрдік. Қатты ұйқым келген сәтті білемін. Әпкем мені жетектеп, той болып жатқан үйдегі бөлменің біріне кіргізді де, кереуетке жатқызды. Қатты шаршасам керек, бірден ұйықтап кеттім.

Screenshot_1.jpg

Бір кезде бетімді бір нәрсе жыбырлатқандай болды. Оянсам, артымнан құшақтап жатқан біреу желкемнен иіскеп, қолын ішкиіміме жүгіртіп жатыр. Қандай шайтан түрткенін білмеймін, тілім байланып, аяқ-қолым тартылып қалғандай болды. Қорыққанымнан болар, қозғалыссыз, үнсіз күйде жата бердім. Неге атып тұрмадым, неге айғайламадым, неге қашып кетпедім – білмеймін. Есімде қалғаны – менің артымда жатқан атаның сақалы мойнымды жыбырлатқаны, жағымсыз демі және маған үйкелгені...

Қорыққан күйде жатып қайта ұйықтап кетіппін. Оянсам, өз үйімде жатырмын. Кеше болған нәрсе өңім бе, түсім бе, білмеймін. Сол күннен бастап тентектігім сап тыйылды. Ойға батқан балаға айналдым. Сол оқиғадан кейін арада екі-үш ай өтіп кетті.

Бір күні үйге көрші ата келді. Дастархан басында шай ішіп отырмыз. Сол түні мені қорлаған осы ата ма, әлде ол емес пе – сол туралы ойланып отырмын. Тәбетім қашып кетті. Тамағыма ас батпады.

– Алла берем десе, береді екен. Қырықтан асқан жастарыңда алтын асықтай ұл бере салды сендерге,тәубе,тәубе! Менің жалғыз ұлым мен келінім балалы бола алмай жүргеніне қанша уақыт болды. Ойласам, жүрегім қарс айрылады. Төрімнен көрім жақындаған кезде немеремді көріп кету арманға айналды, – деді ата шоқша сақалын сипап отырып.

– Несіне уайымдайсыз, бәрі өз уақытымен болады.

Төрінен көрі жақын дейтіндей тым қартайып отырған жоқсыз ғой, пайғамбар жасына да жеткен жоқсыз. Құдай бермеді емес, берді ғой, жиендеріңіз бар дегендей. Оның үстіне балаңыз сүр бойдақ болып жүріп, кеше ғана үйленді емес пе? Екі-үш ай дегенің не тәйірі, – деді анам оны жұбатқандай болып.

– Ой, қойшы сол жиендерді. Ұлдан тараған ұрпақтың аты – ұлдан тараған ұрпақ қой. Жиендер жазда бір-екі аптаға келетіні болмаса, қуыс үйде қу тіземді құшақтап отырғалы неше жыл болды. Кемпір де кетті о дүниеге асығып. Ұл да, келін де жұмыста. Әрнені ойлап, уайымға салынып кетеді екенсің,–деді ата жүзін жерге қаратып.

– Үйге келіп тұрыңыз осылай. Біз де жұмыстамыз, бала-шағаға қарайтын уақыт та жоқ шынын айтқанда. Бір-біріне қарап, өсіп жатыр ғой әйтеуір,–деді анам.

– Үлкен қыздарың оқуда. Мына ортаншы қызыңа обал, өзінен кейінгілерге бас-көз болатын сол ғой. Мына ұлды менің үйіме жіберіп тұрсаңдаршы. Әпкелерімен ойнаған оған да қызық емес шығар қазір. Кітап оқып беріп, бар білгенімді үйретейін. Маған да ермек болсын, – деді ата.

Жүрегім зу ете түсті. Той өткен түні болған оқиға түсім емес, өңім шығар. Менің артымда жатқан ата осы ата болар. Әлде ол емес пе? Бір сәтте миыма мың ой келді.

– Әрине, алып кете беріңіз.Тәрбие беретін әкесі мынау, – деді анам әкеме жақтырмаған көзбен қарап. Әкем кеше ішіп, бүгін басы ауырып отырған. Өзінің момындығы да бар ғой, анама сөз қайтармай отыра берді. Соған қарағанда ол да көрші атаның үйіне барып тұруыма қарсы емес сияқты. Ернімді тістеп, жұдырығым қалай түйіліп кеткенін білмеймін. Анам маған қарап:

– Атаңның үйіне барасың ба? Саған ертегі оқып береді, атқа отырғызады,–деді.

– Жоқ! Бармаймын! –дедім ойланбастан.

– Баламыз қырсық, сіз ренжімеңіз, ата. Бала ғой, айта береді. Барады ғой үйіңізге.

– Онда қазір алып кетейін. Жүре ғой, балам, атаңның іші пысып отыр үйде.

– Жоқ, бармаймын дедім ғой, бармаймын!

– Бармағаны несі, а?! Осы қырсықтығыңды қашан қоясың, а? – деді анам маған зекіп. Сөйтті де орнынан тұрып, мені киіндіре бастады.Осы кезде менде атаның үйіне барудан басқа амал жоқ екенін білдім. Ал осы ата маған тиіскенін айтсам, не болады? Қалай айтам? Не деп айтам? Ол ата маған не істеді, ол не деп аталады – оны да білмеймін.

Осылайша бір жұлқынып алдым да, көрші атамен бірге кеттім...

Үйіне кірген ол мені шешіндіре бастады. Мен жыладым, ұрдым, жұлқындым... Ата:

– Жұлқынба, балам, өскенде сен де осылай істейсің. Мен саған үйретейін,–деді.

– Жіберіңіз мені, жіберіңіз! Анама айтам!

– Не деп айтасың?

Мен жылай бердім, жылай бердім... Сол сәтте аспанда найзағай ойнап, жаңбыр жауды. Аспан айналып жерге түскендей. Мен ғана емес, менімен бірге аспан да күңіренгендей болды. Дәл осы сәтте өзімді толық жоғалтып алғандай күй кештім. Өзімнің кім екенімді білмедім. Ұлмын ба, қызбын ба... Тәнім де, жаным да жаралы. Осы үйге жіберген анамды жек көріп кеттім. Ештеңеге мән бермеген әкемді жек көріп кеттім. Өзімді қорғай алмаған өзімді де жек көріп кеттім. Бойымды жиіркеніш сезімі биледі.

Ата ойындағысын жүзеге асырып болған соң маған ертегі кітап оқып, кәмпит берді. Үйге бардым. Үйде әдеттегідей анам әкеме ұрсып жатыр. Әкем жолдастарына кеткелі жатыр екен. Екеуінің ұрсысы бітпейді. Маған назар аударған да жоқ...

«Үш күннен кейін адам көрге де үйренеді» деген рас екен. Көрші ата анда-санда үйге келіп, мені алып кетіп жүрді. Ары қарай болған зорлық деп те айта алмаймын. Ата үйге келгенде еш қарсылықсыз онымен бірге еріп кете беретін болдым. Анам ол атаның балажан екенін айтып, тамсанып отырады. – «Қариясы бардың – қазынасы бар» деген осы екен, – дейді анам.

Арада 10 жыл өтті...

Ляззат Ракишеваның Instagram парақшасынан

Намазхан жігітке тоқал болған келіншек адам шошырлық жайттарды айтты
Мені есейтіп көрсететін киімдердің бәрі әкеме ұнайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу