Ақша үшін екі баласын сатып жіберген

Oinet.kz 12-09-2019 979

5d7733a5e041e017415226.jpg

Оқиға 2018 жылы Қытайдың Чжэцзян провинциясында орын алған. Анықталғандай, жас ана ешкіммен тұрмыс құрмаған. Егіз баласын некесіз тапқан. Қызды жүкті етіп қойған еркек қашып кеткен. Ата-анасы да қызының бұл қылығынан намыстанып, қыздан бас тартқан.

Адам саудасымен айналысқан келіншек ақшаға несиелері мен қарызын жауып, қалған ақшаға су жаңа телефон сатып алған.

Балаларын 65 мың юаньға сатып жібергенін білген еркек қайта бой көрсетіп, ақшамен бөлісуді талап еткен.

Алайда полиция басқа бір істі тергеу нәтижесінде бұл істің бетін ашып, балалардың анасын да, әкесін де тұтқынға алған. Ал егіздерді туған ата-әжелеріне табыстаған.

Бір жыл ішінде 3 мың оқушы отау құрған
Азат Перуашев Божко туралы: «Әркім өз сөзіне жауапты болуы керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу