Әйтенов: Жыл соңына дейін 754 жұмыс орны құрылып, 13 жоба іске қосылады

Oinet.kz 24-06-2021 1356

Шымкент қаласында соңғы жылдары атқарылып жатқан игі істер көп. Көптеген жобалар пайдалануға беріліп, халық игілігіне жарап жатыр. Мысалы Шымкентте осы жылдың қаңтар-мамыр айларында 295 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 10,1 пайызға артқан. Ал өңдеу өнеркәсібінде 251 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 10 пайызға өскен.

Screenshot_3.jpg

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз брифингте баяндады. – Шымкенттің 3 индустриалды аймағында алғашқы бес айда 1,8 млрд. теңгеге 274 жұмыс орнымен 4 жоба жүзеге асырылды. Осы жылдың соңына дейін инвестиция көлемі 38,1 млрд.теңгеге 754 жұмыс орны құрылып, 13 жоба іске қосылады. Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеу өнеркәсібін алдағы 5 жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Осы мақсатта қалада бірнеше бастама қолға алынды. Соның бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазіргі таңда инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары басталып кетті, деді қала әкімі. 

«Жұлдыз» индустриалды аймағында құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. 200 млрд.теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнымен 50 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.

Әрістестік-іскерлік байланыс орнату басты назарда
Резиденттерге жеңілдік көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу