Шымкент жасыл-желекке көмкеріліп, көркейіп келелді

Oinet.kz 10-06-2021 482

Жасыл-желек - қаланың көркін ашады. Әсіресе қапырық ыстықта жайқалып тұрған жасыл-желек адам жанына қуаныш сыйлайды. Шымкент қаласы туризм орталығы болуға ұмтылып жатқандықтан қаланы абаттандыру кезек күттірмейтін жұмыс. Жасыл-желекке көмкерілген, сән-салтанаты жарасқан қала туристерді өзіне тартып, көңіл-күйін көтереді. Қаладан жақсы әсер алған турист келесі жолы жанына жақындарын ертіп тағы келуі әбден мүмкін.  

Screenshot_14.jpg

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Бадам» өзенінің бойын абаттандыру жұмысымен танысты.

Қазір мұнда мұнай өңдеу зауытынан Забадам шағын ауданына дейінгі аумақта құрылыс қарқын алған. Нысанның құрылысы 2 кезең бойынша жүргізілуде. І кезеңде3 шақырым аумақ жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Ал ІІ кезеңде жобаға сәйкес абаттандыру жұмыстарының ұзындығы 6,7 шақырымды құрайды. Бас мердігер - «СтройСервис-7» ЖШС. 

М.Әйтенов сала басшыларымен бірге мердігермен жолығып, туындаған мәселелерін тыңдады. Нысан құрылысын сапалы және жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Одан кейін шаһар басшысы «Металлург» стадионына ат басын бұрды. 1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешенінің тозығы жеткен болатын. Бүгінде стадион қайта құрылып, күрделі жөндеуден өтуде. Қайта қалпына келтіру жұмысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Құрылысты «Югстройсервис-Н» мердігер мекемесі атқаруда. 

Қазіргі таңда спортшылар үйіндеқабатаралық жабын – 50%, 1 504 орынға арналған трибуна металлды құрылымды монтаждау – 80%, спортзал жұмысы – 40 пайызға орындалды. 

Қала әкіміжұмыстың барлық кезеңінде сапаны басты назарда ұстау керектігін атап өтті.

Балық берме, қармақ бер
Биыл 73 мың тоннағу жуық өнім жиналады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу