Шымкентте келетін туристер саны күрт артқан

Oinet.kz 16-06-2021 417

Шымкент қаласы Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан кейін мегаполис атанған үшінші қала. Қала аумағы өсіп, онда қоныстанушылар саны да күн өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар, қалаға ағылушы туристер саны да жылдан-жылға өсуде. Себебі бүгінде Шымкенттке туристер қызығып аралайтын түрлі нысандар көптеп салынып, ескілері қайта жаңғыртылуда.

Screenshot_25.jpg

Жалпы айтқанда Шымкент туристер қабылдау бойынша республикалық көрсеткіште 5 орында тұр. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді.

Әкім орынбасарының сөзінше биыл 5 айда қалаға келуші туристердің саны – 71 156 адамға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (47 741 адам) 149,1%-ға ұлғайған. Ішкі туризм бойынша келушілер саны – 69 733 адам, кіру туризмі бойынша келушілер саны – 1 423 адам. Ал статистикалық деректер бойынша 3 айда орналастыру орындарында 99 756 төсек-тәулік ұсынылып, төсек-орын (бір жолғы сыйымдылық) саны – 4 889 бірлікті құрап, 111,5%-ға артқан. 

Сондай-ақ, биыл туристер үшін «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы» КММ-і құрылып, Visit-shymkent.kz порталы жұмыс істеп келеді. Қалаға келушілер үшін әуе көлікке қолжетімділікті қамту үшін 2020 жылы Шымкент бағытында «FlyArystan» әуекомпаниясы тарапынан 7 рейс ашылса (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар), биыл қосымша 3 рейс іске қосылды (Ақтөбе, Орал және Семей).

Жұмыссыздықпен күрес қарқынды түрде жүргізілуде
Шымкентте көпқабатты үйлерді қасбеті жаңарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу