Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары анықталды

Oinet.kz 21-06-2021 456

Қаланың экономикасының артуына ірі кәсіпорындарың қосар үлесі өте зор. Олар мыңдаған адамды жұмыспен қамтып, қазынаға көп мөлшерде салық төлейді. Салықтан түскен қаржыға халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға, өмір сапасын жақсартуға арналған жұмыстар атқарылады. Яғни әрбір кәсіпорынның өмір сапасын жақсартуға қосатын септігі көп. 

Screenshot_30.jpg

Осы орайда Шымкент қаласында мұнай өңдеу зауытында (ШНОС) жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұған дейін біраз ескірген зауыт өзінің қуаттылығын жоғалта бастаған еді. Бұл проблеманың алдын-алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, зауыттың барлық құрылғысы қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр.13 маусымнан бастап бензин өндірісі қайта жанданды, соңғы 5 күнде орташа тәуліктік өндіріс көлемі - 6,5 мың тонна. 16 маусымнан бастап дизель отынын өндіру де қайта қалпына келтірілген, соңғы 4 күнде орташа тәуліктік өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаны құрайды. Яғни аталған мұнай өңдеу зауыты тек Шымкент қаласының емес, бүкіл республиканың экономикалық дамуына ат салысып келеді. 

Соңғы уақыттарда жанар-жағармайды тасымалдау қызметінде де мәселе туындаған. Қазір толық көлемде жеткізу қызметі іске кірісіп, алдымен оңтүстік аймаққа жөнелтуге басымдық беріліп отыр.

Туристерге интернет қолжетімді болады
Шымкентте тұрақты түрде жәрмеңке өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу