«Еңбек» бағдарламасының көмегімен өз кәсібін ашатындар көбейді

Oinet.kz 08-09-2021 702

Screenshot_10.jpg

Биыл жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссиясының шешімімен Шымкентте 600 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес, 8 мамандық бойынша 11, 24 мамандық бойынша 1 900 адам 18 білім беру ұйымдарына оқуға жолдама алған болатын. Еңбек нарығының сұранысына сәйкес 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша 2500 азамат 3 ай мерзімде арнайы курстан өтуде.

Солардың бірі Шымкент қаласының тұрғыны Зарина Кеншінбаева. Мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде биыл 3 айлық кәсіптік оқу курсынан өтті. Қазір ол «Мөлдір» оқу орталығында «тігінші» мамандығы бойынша білім алуда.

– Бала күтіміне байланысты біраз жыл үйде жұмыссыз отыруыма тура келді. Әлеуметтік желіден қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсының басталатынын естіп, мамыр айында жұмыспен қамту орталығына барып құжат тапсырдым. Қазіргі таңда тігінші мамандығы бойынша білім алып, мұндағы тәжірибелі шеберлердің арқасында көп нәрсе үйрендім. Қолымнан балаларға арналған киім-кешек, қазақи нақыштағы қыз жасауы, перде тағы да басқа түрлі дүниелерді тігу келеді. Алдағы уақытта куәлікті алған соң, өзімнің жеке кәсібімді ашсам деген ниетім бар, – дейді көп балалы ана.

Мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқу аяқталған соң арнайы сертификат беріледі. Сонымен қатар, оқуын аяқтаған азаматтарды еңбек нарығының сұранысына сәйкес жұмысқа орналасуына ықпал етілетін болады. Былтыр 2000-ға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 1590 адам жұмыспен қамтылған.

Мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы жұмыссыз азаматтардың санын азайтып, тұрғындардың білім-біліктілігін көтеруге, еңбекке ынталандыруға негіз болады. Қазіргі таңда азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында қолдау шаралары жеткілікті. Тұрғындар атаулы әлеуметтік көмектің аяққа тұрып кету үшін берілетін уақытша жәрдем екенін ұғынуы тиіс. Сол себепті азаматтардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, өз білімін жетілдіріп, кәсіп ашуға ұмтылудың маңызы зор.

«Креативті экономика» функциясы салаға серпін береді
Шымкентте 35 экспортер-кәсіпорын бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу