Шымкент "Іскер қалаға" айналады

Oinet.kz 28-10-2021 829

Screenshot_1.jpg

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев пен Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков баспасөз брифингін өткізіп, «Іскер қала» өңірлік бағдарламасын таныстырды.

Қаладағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жаңа «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы 3 бағыттан тұрады.

Бірінші бағыт - Өндірістік парктер. Өндіріс саласы бойынша қалада тоқтап тұрған немесе бос тұрған ғимараттардың ішінде Өндірістік парктер құру жоспарланған.

Бүгінде осы Парктердің жұмысын үлгі ретінде «Silkway Alliance» өндірістік паркін іске қосылуда. Бұл Парк «Тассай» индустриялық аймағының жанында орналасқан.

«Іскер қала» бағдарламасының келесі бағыты – Ауылшаруашылық кооперативін құру арқылы якорлы кәсіпорындарды тиісті өніммен қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру заман талабы. Себебі, бүгінгідей жаһандану заманында ауыл шаруашылығы саласын жетілдіру үшін бұл жұмыстың маңызы зор. Кооператив ашудағы мақсат ауыл шаруашылығымен айналысатын ұсақ шаруашылықтардың басын біріктіру болып табылады.

Мысал ретінде, қаладағы ең ірі «Magnum» супермаркетінің басты жеткізушісі «МСС trade company» ЖШС-сы 19 түрлі тауар бойынша 10,0 мың тоннадан астам көкөністер мен жеміс-жидектер кепілді түрде сатып алуға дайын.

Келесі бағыттың бірі – 1000 сауда нүктесі. Бұл ретте, «СПК «Шымкент» іске асырып жатқан 1000 сауда нүктесі жобасы аясында қаланың тығыз орналасқан жерлерінде жылжымалы және ауыстырмалы сауда нүктелерімен толықтырылуда.

Жалпы, осы «Іскер қала» бағдарламасының іске асырылуы арқылы 3 жылда 13,3 млрд.тг. инвестиция тартуға, 2,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға, 1,0 мыңнан астам жаңа кәсіпорындарды ашылуы межеленген. Нәтижесінде бюджетке жылына 103 млн.тг. салық түсуі күтілуде.

Қала тұрғындары бағдарламаға қатысу үшін «Бизнеске арналған үкіметтің» фронт-офисінн кеңес алып, құжатын тапсыра алады.

«Bal Tekstil» компаниясы 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр
Шағын шаруашылығы бар тұрғындарға 1-2 пайызбен несие беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу