​«ПетроКазақстанОйлПродактс» қызметкерлердің 90%-нан астамы – Қазақстан азаматтары

Oinet.kz 28-10-2021 349

Screenshot_4.jpg

Стратегиялық маңызы бар нысандарда әрдайым оқу-жаттығу жиындарын өткізіп тұрған өте маңызды. Себебі тілсіз жау үндемей келіп жағадан алғанда көпшілік не істерін білмей абыржып қалады. Ал мұндай кезде бір секунд та жоғалтпау керек. Жоғалған әрбір секунд орны толмас қайғыға алып келеді. Кез-келген оқыс жағдайға әрбір азамат дайын болған жөн.  

Осы орайда сейсенбі күні Шымкент қаласында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС аумағында мұнай өнімдерін сақтау нысандарында өрт сөндіру тақырыбы бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы  өтті. Оқу-жаттығу барысында өндірістегі барлық құрылымдардың дайындығы пысықталды. 

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» – стратегиялық маңызы зор аумаққа жатады. Мұнда мұнай өңделеді. Мұнай – еліміздің экономикасының дамуына зор үлесін қосуда. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның басқарылуы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және CNPC Қытай ұлттық мұнай корпорациясы тарапынан паритеттік негізде жүзеге асырылады. 

Шымкенттік МӨЗ-ді жаңғырту мен қайта құру жобасы Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылды. Жобаны іске асыру үшін салынған инвестициялардың көлемі 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады. ШМӨЗ-ді жаңғырту жобасының аяқталуы Қазақстанның индустриялық дамуындағы ең маңызды оқиғаларының бірі болды. Жаңғырту жобасы аяқталғаннан кейін «ПҚОП» ЖШС-нде автоматтандырудың, цифрландырудың, өндірістік процестерді одан әрі жетілдіру және шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтудің озық жаңа технологиялары саласындағы халықаралық тәжірибесі кеңінен енгізілуде. Бұл өз кезегінде, «ҚазМұнайГаз» «ҰК» АҚ және CNPC жетекші ұлттық компаниялары деңгейіндегі тиімді және жемісті ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. 

«ПҚОП» ЖШС-ның 2020 жылғы мұнай өңдеу көлемі 4 млн. 794 мың тоннаны құрап, бұл ретте мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіштері 4 млн. 290 мың тоннаны құрады.

Компанияның аймақтардың дамуына қосқан үлесі мен қызметкерлердің еңбегі республикалық және жергілікті деңгейлерде жыл сайын бағаланады. Қызметкерлердің 90%-нан астамы – Қазақстан азаматтары.

Кәсіпорындарда компания жұмыскерлерін әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, жұмыскерлердің жоғары білім алуға қаржылай көмек көрсету бағдарламасы аясында «ПҚОП» ЖШС басшылығы 30 шәкіртақы бөлді. Зауыт жұмыскерлерінің асырауындағы балаларға стипендиялық бағдарлама бойынша 33 шәкіртақы берілген болатын.    

«Эгамназаров» сүт фермасы қала тұрғындарын сапалы өніммен қамтасыз етіп отыр
Жыр алыбы Жамбыл Жабаев ұлықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу