Қала әкімі экономикаға серпін беретін жаңа өндіріс жобаларымен танысты

Oinet.kz 27-10-2021 366

Screenshot_1.jpg

Шымкентте көптеген инвестициялық жобалар қолға алынуда. Бұл жобалар жүзеге асса қала экономикасының серпінді дамуына ерекше үлес қоспақ. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов инвестициялы штаб отырысында мәлімдеді. 

- Инвестициялық штабтың кешегі отырысында қала экономикасына серпін беретін жаңа өндіріс жобаларымен таныстым.

Бизнес өкілдері трансформатор мен электротехникалық құрылғылар, темір-бетон бұйымдарын шығару жобаларын таныстырды. Қаламыз үшін маңызды өндіріс орындары болмақ.

Қоймалар, сауда орындары, экспозициялық және логистикалық нысандарды қамтитын бірегей кешен жобасынан зор экономикалық әсер күтуге болады. 3 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қаламыз үшін ерекше жобаның бірі – финляндиялық «Luhta Sportswear» компаниясы ұсынған спорт және белсенді өмірге қажетті киімдер сауда орталығы.

Компания қаламызда киім өндірісін жолға қою мүмкіндігін зерделеуде. Әлемнің 50 мемлекетінде қызмет атқаратын осы бизнес топтың жылдық қаржы айналымы 245 млн. еуроны құрайды.

Жалпы инвестициялық штаб қызмет тиімділігін көрсетті. Қала экономикасын дамытуға ниетті барлық бизнес өкілдеріне осы алаңның мүмкіндіктерін барынша қолдануға шақырамын, - деп жазды Мұрат Әйтенов әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Аналар кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды
«Ескі қалашық» - ТОП-50 туристік нысандар тізімінде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу