Шымкентте республикалық ақындар айтысы өтті

Oinet.kz 26-11-2021 775

Screenshot_5.jpg

Бүгін Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде  ұжымның ұйымдастыруымен "Жыр арқауы - Тәуелсіздік" тақырыбында республикалық  ақындар айтысы өтті. Жыр додасы ел Тәуелсіздігінің  30 жылдығына, Тұңғыш Президент күні мен қоғам қайраткері Ө.Жәнібековтің 90 жылдығына арналды.

Айтысқа Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Өскемен, Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 12 айтыскер жас ақын қатысты. 

Айтысқа Батырбек Өтеп атындағы «Өнер» мектебінің директоры, айтыскер ақын Маржан Есжанова, Кәрима Оралова, «Ақпарат саласының үздігі», ақын Қажымұқан Абзалов, Қазақстан және Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Бөрібай Оразымбетов,  ОҚМПУ-дың  «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нариман Нұрпейісов қазылық етті. 

Айтысты оқу орнының ректоры Гүлжан Сүгірбаева ашып, жастарға ақ жол тіледі. Жыр додасын айтыскер ақыны Біржан Байтуов жүргізді. 

Жұртты желпінтіп, тыңдарманға түйдек-түйдек сөз маржанын тарту еткен айтыс қорытындысы бойынша  Нартай Тілеуқұл, Мұхит Бабақұл, Абылай Құлтай, Жандос Мырзабек, Нұрдәулет Өмірбек, Мейіржан Жарылқап, Дәурен Ысқақ Аллажар Сапархан айтыстың ынталандыру сыйлығына ие болды. Сондай-ақ, Аллажар Сапархан ынталандыру сыйлығына  қоса  қазылар алқасының төрайымы Маржан Есжанованың тағайындаған  5О мың теңгесін олжалады.

Ал Шығыстан келген Айшолпан Төлеутай  жүлделі  3-орын алып, екі жүз мың теңгеге, Аян Ниязбек 2-орын алып төрт жүз мың теңгеге ие болды.  Алматылық ару Айым Асылбекқызы жүлделі 1-орын алып, жеті жүз мың  теңгеге қол жеткізді. 

Ал Бас жүлде үшін тігілген бір миллион теңге Нұрғали Әнапияға  бұйырды.

Мұрат Әйтенов: Қала бюджеті төрт есеге өсіп, 495 млрд. теңгеге жетті
Шымкентте қоқыс өңдеу зауыты салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу