Теңгенің банкноттары мен монеталары тек мемлекеттік тілде жазылады

Oinet.kz 24-02-2019 1726

94125.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды.

«Банкноттар мен монеталар дизайнында пайдаланылатын жазбалар мәтіні мемлекеттік тілде ресімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілдерде жазбалар пайдалануға жол беріледі», - делінген Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасының 2- тарауында.

Сонымен қатар, онда инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында монеталар дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазбаларды пайдалануға жол берілетіні атап өтілген.

Айта кетейік, бұған дейін банкноттар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылатыны заңды күшінде болған еді.

«Шет тілінде ресімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде ресімделеді», - деп жазылған құжатта.

Банкноттар мен монеталар дизайнының ерекшеліктері

Банкноттар мен монеталар дизайнының мiндеттi элементтері:

    - номиналдың цифрмен және (немесе) әріппен белгiленуi;

    - түпнұсқалығын айқындауға мүмкiндiк беретiн және қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететiн элементтер;

     - эмитент елінің және (немесе) эмитенттің ресми атауы;

     - банкноттардың бет жағында және монеталардың бет немесе сырт жағында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі болып табылады.

Сериялық нөмірі және дизайнының бекітілген жылы банкноттар дизайнының қосымша элементтері болып табылады.

Соғылған жылы монеталар дизайнының қосымша элементі болып табылады.

Банкноттар мен монеталар дизайнында мынадай бейнелердiң бiрi және (немесе) бiрнешеуi пайдаланылады:

     - қазақтың ою-өрнегі немесе оның құрамдас бөлiктерi;

     - Қазақстанның тарихына және дамуына үлес қосқан аса көрнектi тұлғалардың портреттері;

     - Қазақстанның бірегей тарихи, географиялық орындары және сәулет ескерткіштері және (немесе) олардың бөліктері;

     - мемлекеттік және халықаралық оқиғаларға арналған бейнелер;

     - Қазақстан флорасы мен фаунасының бейнелері;

     - Қазақстанның тарихына, мемлекеттілiгiне, саясатына, құқығына, экономикасына, ғылымына, біліміне, мәдениетіне, өнеріне, спортына, дамуына байланысты бейнелер;

     - дүниежүзінің құндылықтарына, игілігіне, тарихына және мәдениетіне байланысты бейнелер;

     - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі;

     - өзге де цифрмен және әріппен берілген жазбалар.

Банкноттар мен айналыстағы монеталардың дизайны бірыңғай дизайнерлік безендіру негізінде әзірленеді.

«7-20-25» бойынша Қарағандыда 3500 пәтер пайдалануға беріледі
БҚО-да «Нұрлы жер» бойынша 1100 пәтер пайдалануға беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу