Бойжеткенмен сөйлесу барысында қандай тақырыпта сөз қозғаған дұрыс?

Oinet.kz 30-10-2019 1127

Temy-dlya-razgovora-s-devushkoj.jpg

Қызбен сөйлесу, қыз жүрегін жаулау үшін үлкен еңбек керек. Әсіресе, ең алғашқы кездесуге жан-жақты дайындық жүргізгеніңіз жөн. Қандай тақырыпта әңгіме-дүкен құратыныңызды алдын ала жоспарлаңыз. Қыздар мақтау сөзге, әңгімесі жарасатын жігіттерге тез бауыр басып, ұнатып қалады. Бойжеткенмен сөйлесу барысында қандай тақырыпта сөз қозғаған дұрысырақ? Тізімі төменде:

Кино. Әңгімені «Соңғы рет қашан киноға бардың?» деп бастаңыз. Бір сұрақтың нәтижесінде бірнеше сұрақтың жауабын ала аласыз. Мәселенки, қандай жанрдағы фильм ұнайды, кіммен барғаны, қаншалықты жиі баратынын, оның қиялы, арманы, т.с.с.

Хобби. Өзіңіздің хоббиіңізді айтыңыз. Бірақ, шынайы болсын. Бикештер жан-жақты жігіттерді жақсы көреді. 

Көркем әдебиет. Егер қызыңыз кітап оқуды ұнатса, демек, оның міндетті түрде, өзі сүйіп оқитын жазушысы, кітабы болады. Осылайша сыйлыққа не сыйлайтыныңызды анықтап аласыз.

Өрескілеу әдеттері. Қыздар үшін таптырмайтын тақырып. Себебі, олар өзі жайлы айтқанды жаны сүйеді. Өз оқиғаңызды айтудан бастаңыз. Мысалы, үнемі оқудан кешігу, тез ұйықтау, ыдыс сындырып алу секілді.

Тамақ. Қыздар екіге бөлінеді: тамақ жеуді ұнататындар немесе тамақ пісіруді ұнататындар. Әңгімені жалғастырып алу үшін осының ара-жігін анықтап алыңыз.

Спорт. Ең алдымен, өзіңіз қандай спорт түрімен айналасатыныңызды анықтап, нақтылап алыңыз. Онан соң бикешіңіздің спорт жайлы пікірін біліңіз. 

Сәби. Бауырлары, ағайын-туысы, және сәбилер туралы қозғауға болады. Болашақ жарыңызды анықтауға үлкен септігін тигізеді. 

Саяхат. «Қай жерге барғың келеді? » осы сұрақ арқылы қыздың психологиясын анықтауға болады. Егер, қыз Америка, Лондонға саяхаттауды армандаса, демек, ойың ашық айтатын, бірбеткей, аққөңіл деп болжам жасай беріңіз. 

Түркия, Чехия сынды туризм дамыған мекенді қиялдаса, аруыңыз жан-жақты, аспаздылыққа жаны құмар, десек-те, қызғаншақ екені сөзсіз.

Ақша. Ақша табуды немесе ақша жаратуды ұнатады ма? Бұл сұраққа қалай жауап береріне  анықтап қараңыз. 

Галстук түрлері және байлау тәсілдері
Ашуды қалай тез басуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу