Кофені қанша мөлшерде ішу керек?

Oinet.kz 09-12-2019 1571

Кофе қалай болғанда да оның адам ағзасына белгілі мөлшерде әсер ететіні анық. Кофенің суда еритін түрін таңдаймыз ба, әлде дәнін бе? Екеуін салыстырып қарайтын болсақ, салыстырмалы түрде кофе дәндерін таңдаймыз. Себебі, ерігіш кофенің құрамында асқазан сөлін бірнеше есе артық бөлуге себеп болатын кофеин бар. Оның қышқылдығы жоғары болғандықтан, асқазанның қыжылдауына әсер етеді. Ал кофе дәндерінің құрамында кальций, калий, темір, магний, ағзаға қажетті 30 түрлі қышқыл бар. 

Screenshot_7.jpg

Бір шыныаяқ кофенің 20%-ы Р дәруменінен тұрады. Бұл - артық салмақтан арылуға көмектеседі. Ол, мұнымен қатар, Кофетамин, Аскафен, Новомигрофен, Пирамеин, Новоцефальгин, Цитрамон секілді дәрілердің негізгі құраушысы. Жоғарыда біз кофенің басқа да пайдаларын келтірдік. Дегенмен, зияны да жоқ емес. 

Көп ғалымдар буын ауруымен, атеросклерозбен, гастритпен, асқазан жарасымен ауыратын адамдарға ішпеуге кеңес береді. Ол көп мөлшерде қолданылса адамның жүйкесі жұқаруы әбден мүмкін. 

Барлық адам бірдей болмайтындықтан, оны кімге қандай мөлшерде ішу керектігін жеке зерттеу барысында ғана анықтауға болады. Оның әсер ету қабілеті адамның жүйке жүйесінің беріктігіне тікелей байланысты. Оны көп мөлшерде тұтынған сайын адам тәуелді болып қалуы мүмкін. Ал тәуелді болған жағдайда адам тез шаршап, күйзелісте жүргендей күй кешеді. Қорыта айтқанда кофе жүрекке, жүрек қан тамырларына зиянын тигізеді. Ағзадағы кальцийді ыдыратады. Ал кальций жетіспеушілігінен тіс құртылады. Сүйек сынғыш келеді. Жоғарыда айтылған зияны мен пайдасын ескере отырып оны жүрегі ауыратын, артериялық қысымы жоғары адамдарға, жүкті әйелдерге, кішкентай балаларға ішуге болмайтынын қайталап айтқымыз келеді. Ал егер ішетін болсаңыз, күніне 1-2 шыныаяқ табиғи кофені таңдаңыз. 

Кофені қандай жағдайда ішуге болмайды?
Нағыз кофені қалай дайындауға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу