Психологиялық шабуылдардан қалай қорғануға болады?

Oinet.kz 11-12-2019 1797

Біз күнделікті өмірде айналамыздағылардан психологиялық шабуылына тап болып жатамыз. Мәселен  дауыс көтеру, қысым көрсету, сын айту, т.б. Мұндай жағдайда адам өз-өзін қалай ұстауы қажет, нендей әрекет жасауы керек? Егер сізге біреулер психологиялық шабуыл жасаса қалай қорғанасыз? Ендеше психологтардың кеңесіне құлақ түрейік.

Screenshot_15.jpg

Біріншіден, сабырлы болыңыз. Сізге дауыс көтеріп, артық сөз айтып жатқан кезде ашулансаңыз, сіздің жеңілгеніңіз.  Бірден ұрысып кетпестен, ойланып жауап қайтарыңыз. Іштей қанша ашуланып тұрып жасанды болса да эмоцияларыңызды жасыра біліңіз. Осылайша ашуды сарказмға, қорқынышты сақтық шарасына айналдыра аласыз.

Екіншіден, анықтау. Әдетті жас отбасыларда ақша қиын мәселелердің бірі. Ондайда әйелі күйеуіне немесе керсінше күйеуі «Бар ақшаны қайда жұмсайсың осы?» деп ұрысып жатады. Ал сіз оның орнына тіл табысуға тырысып, сөзіңізді «Қалай ойлайсың...» деп бастаңыз.

Үшіншіден, әліптің артын бағыңыз.  Ашуланып тұрған адам сізді тыңдап тұрғанмен, сөздеріңізді қабылдамауы мүмкін. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, дауыс көтеріп, онымен жарысып сөйлемей, ашуы басылғанын күтіңіз. 

Төртіншіден, кемшіліктеріңізді жасыра біліңіз. Ашуыңызға тиіп тұрған адамға нақты жауап қайтарудың қажеті жоқ. Әсіресе, сіздің әлсіздігіңізді білдіретін ескертулер жасап жатқанда. Мысалы, жұмыс күніңізді ретке келтіре алмайтындығыңызды айтса, «сөзіңнің жаны бар», «мүмкін сенікі де рас шығар», «ойлануға тұрарлық жерлері бар екен» деген секілді сөздерді қолданыңыз.

Бесіншіден, өзіңізді ғана ойлаңыз. Айыпты болсаңыз, кінәңізді мойындаңыз. Сіздің бойыңыздағы бір қасиетті өзгертуге тырысып жатқанын байқасаңыз, оның дұрыс екендігін, алайда еш өзгергіңіз келмейтіндігін түсіндіріңіз. Байсалдылық танытқаныңыз өзіңізге жақсы. «Әбден кешігіп үйреніп қалдым. Сіздер де үйреніп қалған сияқтысыздар. Асығатын болсам, міндетті түрде бір нәрсені ұмытып кетемін. Уақтылы келу қолымнан келмейді» деп бар шындықты айтыңыз.

Әдетте психологиялық шабуылдар қорғана алмайтын немесе көп сөйлей бермейтін адамдарға қарсы жасалады. Ондайда арнайы тренингтерге барып, тепе-теңдік сақтауды үйренген жөн.

Қыста аяқ киімді құтқаратын азық-түліктер
Сәкен Сыбанбай. Өлмеген құлға келді жаз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу