Артық салмақ қостыратын әдеттер

Oinet.kz 29-04-2019

Фаст-фудтан түбегейлі бас тартасыз, тәттіні де жеуді сиретесіз, спортпен күнделікті айналысасыз, бірақ артық салмақпен күрес нәтижесін берер емес. Неге? Себебі өзіңіз мән бермейтін мына әдеттер артық салмақтан арылуға мүмкіндік бермейді. 

артық салмақ.jpg

Тым көп ұйықтайсыз Ұйқы жетіспеушілігі кортизол гормондарын азайтқан соң, адам қайта-қайта бір нәрсе жегісі кеп тұрады. Ал тым көп ұйықтау да пайда әкелмейді. Қанша жерден диета ұстасаңыз да, арықтай алмайсыз. 10 сағаттан асқан ұйқы салмақ қосуға себеп болады. Тәулігіне 7-8 сағат ұйықтау деген кеңес те бекерден бекер айтылмаған.

Қараңғыда жиналасыз Таң ертең ояна сала перделерді ашып тастау керек. Күн сәулесі әсерінен түскен көкшіл түстер ағзаның оянып, зат алмасу үдерісін жылдамдатуға күреседі дейді ғалымдар. Тіпті 20-30 минуттық таңғы сәуле метаболизмге оң әсерін береді. Төсек жинамау Естігенде сенбеуіңіз мүмкін. Бірақ күнделікті төсекті салып, оны оянған бойда бірден жинап тастау салмақ тастауға көмектеседі. Әрі тыныш ұйықтауға да септігін тигізеді. Өлшенуді ұмытасыз Күн сайын салмағыңызды өлшеп тұру арықтауға жақсы көмектеседі. Тәрезіге тартылуға ең жақсы уақыт – таңертеңгі мезгіл. Осы кезде нақты салмағыңызды біле аласыз және күннің басқа мезгілдеріне қарағанда ағзаға ештеңе түспегендіктен, аз салмақ көрсетеді. Осы көрсеткіш есіңізде жүрсе, өзіңізге шектеу қою да оңай болады. Таңғы асты дұрыс ішпейсіз Тель-Авива университеті ғалымдарының зерттеуі бойынша таңда өзіңізді дәмді тағамдармен еркелетуге болады. 600 калорияға тең таңғы аста ақуыз, көміртек болғаны дұрыс және аздаған десерт болса, күні бойы дұрыс тамақтануға сеп болады.

Дереккөз: massaget.kz

Былғары аяқ киімді кеңейтудің 5 тәсілі
Досты тануға арналған сұрақтар

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×