Көз асты қараюының себептері

Oinet.kz 28-01-2020 2283

Көз асты тері қабаты өте жұқа және қантамырларына өте бай. Егер де қантамырлары  қаншалықты беткей орналасқан болса, онда терісі де соншалықты қарайыңқырап көрініп тұрады. Көбінесе бұл терісі ақшыл адамдар да анық байқалады. 

көз асты қараюы.jpg

- Егер, сіз белсенді, тәбеті жақсы, тамақ рационы толыққанды, әр түрлі витаминдерге бай болсаңыз, жеткілікті мөлшерде таза ауаға шықса, жеткілікті мөлшерде ұйықтайтын, онда  деніңіз сау, көз асты қараюы қалыпты.

Көз асты қараюының мынадай себептері болуы мүмкін:

- Анатомия-физиологиялық ерекшелік, тұқымқуалаушылық;

- Ұйқы жеткіліксіздігі, қатты шаршау, көбінесе мектеп жасындағы балаларда;

- Отбасындағы псиxоэмоциональды жағдайдың нашар болуы;

- Теледидар көп қарау, компьютер көп ойнау, телефонға көп қарау;

- Таза ауада жеткілікті болмау, сыртқа көп шықпау;

- Теміртапшылықты анемия;

- Аллергиялық ринит немесе конъюнктивит;

- Аденоид болуы;

- ЖРВИ (тұмау) немесе басқа да жедел инфекциялық аурулар;

- Көзді жиі уқалай беру (баланың).

Егер денсаулығыңызда бәрі жақсы болса, көз асты қарайып тұруына алаңдаудың қажеті жоқ. Ең бастысы, көбірек таза ауада болып, ұйқыңызды қандырып, дұрыс, толыққанды тамақтанып, үнемі қимыл-қозғалыста жүріңіз. 

31 қаңтар. Жұлдыз жорамал
Көз асты ісінуі. Себептері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу