Әжімнен қалай құтылуға болады?

Oinet.kz 10-02-2020 2427

Беттегі әжім терінің созылғыш қабаттарының өзгеруінен пайда болады. Тері уақыт өте жұқа және нәзік, құрғақ болып, қабыршақтанып, жарыла бастайды. Терінің бозғылттығынан, сарғыштығынан және қан айналымының әлсіздігінен әжімдер пайда болуы мүмкін.

shutterstock_1255529380.jpg

Әжім бет терісіне тереңдеп кетпеу үшін бет бұлшықеттеріне жаттығу жасау керек. Ол үшін сұқ саусақтың ұшына кез-келген нәрлендіретін крем жағып, әжім тускен бөліктеріне массаж жасаңыз. Беттегі әжім бала кезден пайда болса, ол көңіл куйдің курт өзгеруінен, мың құбылудан түсетін әжімдер.Оны бет мимикасы деп атайды. Онымен куресудің негізгі жолы мынадай:

Ауызға ауа толтырып,баяу сыртқа урлеп шығарып, кейін ауызды кең ашып,кулген сыңай таныту керек. Ерін жиектеріне түскен әжімді, ерінді бір-біріне жымқырып, барынша алға созыңыз,содан кейін тісіңізді көрсетпей күліңіз.Бұл жаттығуларды күнделікті компьютер мен теледидардың алдынада отырып жасай беруге болады.

Алдын алу жолдары: бет терісін температураның шұғыл өзгеруінен сақтау, дене салмағының тым қатты ауытқымауын қадағалау, теріні маймен және сумен, қажетті кремдермен, басқа косметикалық құралдармен қамтамасыз ету, дұрыс күн тәртібін сақтау, ой және дене еңбегін шамадан артық атқармау, демалуды естен шығармау. Соондай-ақ, денсаулық жағдайын қадағалап, ара-тұра жалпы медициналық тексеруден өтіп тұру қажет. Тері асты майының біркелкі таралуы үшін тамақтану тәртібін реттеу, спортпен шұғылдану, кейде бетке массаж жасатудың да пайдасы көп.

Психологиялық тест. Әйелі кім?
Денсаулыққа ең қауіпті дәмдеуіштер қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу