Шәйнектегі қақты қалай тазартамыз?

Oinet.kz 30-03-2020 1706

Күнделікті шәйнекте суды қайнату арқылы қақ біртіндеп жинала бастайды. Өйткені біз сүзгіден өткен таза суды күнделікті қолдана бермейміз. Ал жиналған қақ қалыңдай түседі.  Қақтың қалыңдығы судың қайнауын баяулатады. Кедергі болатын қақтан қалай тез арада арылса балады?

jpg_1000_85a8316b-c668-42f9-9f26-d2125ab0e85d.jpg

Егер қақтан уақытылы арылмасақ соңында шәйнекпен қоштасуға тура келеді. Қақ толған шәйнекте қайнаған сумен шәй демдегенде дәмі мен иісі өзгеріп шыға келеді. Бәрінен де қауіптісі, шәйнектегі қақ біздің денсаулығымызға кері әсерін тигізеді. Сондықтан да қақтан уақытылы арылып тұрған дұрыс.

Шәйнектегі қақтан арылу үшін қолданылатын химиялық заттар бар, әрине. Алайда оларды қолдану тиімсіз. Сондықтан халықтық тәсілге жүгінген жөн.

Шәйнектегі қақтан қалай арыламыз?

Сірке суы

Бұл ең танымал халықтық тәсіл болып саналады:

  • 6 стакан суға 100 мл қасық сірке суын қосамыз

  • шәйнекке сірке суы қосылған суды құямыз

  • қайнатамыз, 2 сағатқа қалдырамыз

  • суды төгіп тастап, шаямыз

  • таза сумен жақсылап жуып, қайтадан қайнатамыз

Без названия.jpg

Лимон қышқылы

Сірке суымен қоса лимон қышқылында қолдануға болады: 

1-2 қасық лимон қышқылын шәйнекке қосамыз. Шәйнектің торлы сүзгісің ұмытпаңыз. Оны сірке суына немесе лимон қышқылына түн ұзағына қойып қоямыз.

Газдалған су

Көпшілік қақтан құтылу үшін газдалған лимонадты, кока колу немесе фантаны қолданады. Кез келген лимонадтың құрамында қышқылдықты реттегіш ретінде жеміс қышқылы болады. Сондықтан газдалған суды шәйнекке құйып, қайнату қажет. 

Егер қажет болса бұл тәсілдерді жиі қолданып тұру артықтық етпейді. 

Ас үйдегі жағымсыз иістен қалай арыламыз?
Қытайдан келетін 7 қауіпті тағам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу