Дұрыс тамақтану: басқаша көзқарас

Oinet.kz 09-08-2019 1420

rsz_depositphotos_97291432_m-2015.jpg

Әйелдер қауымы уәкілдері өзінің уақытының басым бөлігін сұлулыққа жұмсайды. Алайда, бұл әйелдің қалауынан емес, табиғи болатын құбылыстар, шаш түсуі, тырнақ сынуы, әбігерге салатын бет терісі, артық салмақ... Мұның бәрі әйел өмірінде болатын табиғи прооблемалардың 0,0000001 бөлігі ғана. Ең қарапайым емі дұрыс тамақтану (шығар), ол арзанға түскенімен, жақсы көретін тамақтарынан бас тарту әйел үшін өте қымбатқа түсетіні анық.

Дұрыс тамақтану, дұрыс тамақтану... Қайсы  тамақ дұрыс? Алма ма, киви, шөп-шалаң ба? Олар тамақ па? Осынша қысқа, қамшының сабына теңелетін өмірді өз-өзімізді шектеп қайғы жеуге міндеттіміз бе? 

Бәріне себеп, біздің ойдан шығарып алған сұлулық стереотиптері. Иә, сұлу адамның картинасын өзіміз ойлап таптық, енді сол мінсіздікке жету үшін ұмтылу да бізге қалып тұр. 

Қазірде ПП деген ұғым пайда болған, жаңа термин. Осы ұғым пайда болғалы, ақылдылар ПП-ны пайда көзіне айналдыра бастады. Тіпті, медицинаға мүлде қатысы жоқ, ауызын ашып сөйлей алатындардың бәрі диетолог болып алғанына не дейсіз? 

Сіз дұрыс тамақтануды ауыр қабылдаған сайын, ол сізге өте күшті жігерді, мықтылықты қажет ететіндей болып көрінуі мүмкін. Осылай ауыр ойлаған сайын сізде керісінше "шектелу срессі" пайда болады да, ашуланып одан да көп тамақты «асауыңыз» мүмкін. Қыздардың бәрі дерлік осындай, уайымдағанда ас батпайтын қыздар киноларда ғана.

"Дұрыс" деген қандай тамақтар?

«Дұрыс тамақтар» кез келген зияны жоқ тағамдар екен. Олай болса «неге тауық еті зиянды?», «неге картоп кесінділері зиян?», «неге лапша зиян?», «газды судың зияны қандай?» деген шексіз сұрақтар тізбегі көз алдымызға, кейбіреулердің миына мүмкін...келіп жатады. Әңгіме оларға қосатын қоспаларда болып тұр ма?

Сізге жауап: Кейбір адамдар, егер оларды адам деп атауға келсе, қанша уақыт, қанша калориялы тамақты тұтынса да белі қылшыбықтай, тұлғасы сымбатты болып қала береді. Қызғаныш. Өмірдегі көп жайттарға көндіккеніңіз секілді, бұл жағдайда да дәнеңе істей алмайсыз. 

Енді сізге өзіңізді өзіңіз алдауға тура келеді. Ол қалай?

Алдымен «дұрыс» деген сөзді «пайдалы» деген сөзбен алмастырыңыз. Себебі дұрыс деген сөздің өзі адамның миына ауырлық етеді. Кішкентай кездерімізде де кәмпитті жемеу дұрыс болса да, соған ұмтылады ғой. Бұл жағдай да сол секілді. Адамның санасы өзіне тез алданады. 

Өзіңізді нормадамын деп ойлаңыз. Сендіріңіз. Айнаға қарағанда да "аса семіз емес екенмін ғой" деп ойлаңыз. Сіз тек азғана ауырасыз. Пайдалы тамақтарды көбірек жеу қажет. Өзіңізге осылай диагноз қойған қолайлырақ, дұрысырақ.

Пайдалы тамақтар көкөніс, жеміс, кез келген майсыз, қоспасыз тамақтар болуы мүмкін. Пайдалы тамақтарды интернеттегі "білгішбектерден" іздеудің қажеті жоқ. "Пайдалы" сіз пайдалы деп тапқан тамақ. 

Ең бастысы арықтау үшін пайдалы тамақтанып жатқан жоқсыз. Бет теріңізді жақсарту үшін. Асқазаныңыздағы ауырлықтан арылу үшін.

Кішкентай қасықпен тамақтаныңыз. Кішкентай қасықпен адам бір тостаған тамақты әрез тауысады емес пе? Ал сіздің миыңыз кезегінше, «мен көп тамақтанып жатырмын, тойдым» деп ойлана бастайды. 

Кез келген сізге қимылдауға берілген мүмкіндікті пайдаланыңыз. Тегіс жер мен текпешекті жер тұрса, текпешекті таңдаңыз, айналаңыздағы адамдар сізді «есі дұрыс емес» деп ойлауы мүмкін, бірақ сіз өте ақылдысыз.

Қулықтың түрі көп, тек жоғарыдағылар оның біразы ғана. Тіпті осы жазылғандардың өзін «міндеттімін», «осы қажет» деп ойламай, «қызық екен», «пайдалы екен» деп ойлаңыз.

Суррогат ана нені білуі керек?
Смартфонға тәуелділіктен қалай құтыламыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу