Күнді қалай бастау қажет?

Oinet.kz 30-09-2019 1149

Картинки по запросу утро

1. Күннің алғашқы сағаты – ең бағалы уақыт.

Робин Шарма күннің бірінші сағаты ең маңызды уақыт деп санайды.  Бірінші сағат өзін-өзі дамытуға және өзін-өзін жетістікке бейімдеуге арнаған жақсы.  Ешқандай компьютер мен теледидарды қоспаңыз.  Сонда ештеңе сіздің миыңызды қажетсіз ақпаратпен бітеп тастамайды.  Өздігінен дамуға баулу: жеке жазбалар, медитация және ойлау, шабыттандыратын кітаптар оқу.  Оянғаннан кейінгі алғашқы сағатыңыз қаншалықты нәтижелі болатынын ұмытпаңыз, ол күні бойғы сіздің іс әрекетіңізге тікелей негізделеді.  Пайдалы нәрселер жасаңыз және кем дегенде бірінші сағатта өте мұқият болыңыз. 

2. Таңертеңгі жазбалар.

Таң азаны ой тұжырымдарын жазудың ең қолайлы уақыты. Таңертеңгілік жазбалар сіздің басыңызды қажетсіз нәрселерден жақсы босатады.  Адам белгілі бір мақсат, армандарын қағазға тіүсірген сайын оларды өзінің есіне түсіреді және іштей сол іс әрекеттерге бейімделеді. Таңертеңгі жазбалар жеке күнделік жүргізумен бірдей. Олар сізді өз-өзіңізбен байланыстырады.

3. Таңертең медитация жасаңыз.

Менің медитациям сәтсіз болды.  Мен жасаған жалғыз медитация - бұл кешірім туралы медитация.  Әдетте мен бұл медитацияны ыдыс-аяқ жуғанда немесе душ қабылдағанда да, жаяу жүргенде де орындаймын.  Тағы бір медитация - йогадан алынған Шавасана, сіз 10-15 минут жатып, ештеңе туралы ойламауға тырысыңыз.  Ұйқыдан кейін таңертең бұл істеудің қажеті жоқ, күндіз жақсы, әйтпесе сіз қайтадан ұйықтайсыз.

4 Мақұлдау.

Таңертең жағымды мәлімдемелер айту пайдалы, олар күні бойы жақсы көңіл-күй сыйлайды. «Мен күн сайын өмірден ләззат аламын»

«Менің әр күнім мереке»

«Өмір - бұл шексіз қуаныш, табыс пен молшылық».

5. Пайдалы кітаптар.

Сізге керек кітаптарды оқи аласыз.  Таңетең кітап оқу кей адамдар үшін қауіпті, себебі кітап оқудың ұйқыға алып кететін қасиеті бар. Егер сіз осы адамдар типіне жатсаңыз, кістап оқып отырған сәтіңізде бірнәрсе жеп немесе су, кофе ішкеніңіз абзал.

6. Спортпен шұғылдан. 

Спортпен шұғылданудың ең жақсы уақыты – таңертеңгілік уақыт.  Таңертең жұмысқа араласу әлдеқайда оңай.  Ия, ол үшін ертерек тұру керек.  Егер сізге спортпен шұғылдануды үйрету қиын болса, онда оны таңертең жасаңыз.  Себебі таңертең дене тарапынанқарсылық аз болады. 

7. Маңызды мәселелер.

 Егер сіз жұмыста немесе штаттан тыс жұмыс жасасаңыз, онда барлық маңызды мәселелерді күннің бірінші жартысына қалдырыңыз.  Таңертең тіпті ең қиын және шиеленіскен істерді еш қиындықсыз жасайа аласыз.  Сондықтан болар мектептер мен университеттер 9: 00-ден бастап жұмыс істейтіні.

8. Күнді жоспарлау.

Таңертең күнтізбені жоспарлау жақсы.  Күнтізбегіне немесе арнайы бағдарламаға мақсаттарыңызды, не істеу керектігін минимум ретінде жазуыңыз керек.

9. Таңертең тыныш және сабырлы болу керек.

Ешқандай асықппаңыз, ал ол үшін ерте тұрыңыз. Таңіетең жағымсыз жаңалықтар есімеңіз. Күннің алғашқы сағатын жан саясында өткізген жөн.

11. Алғыс айту жаттығуы.

Таңертең сіз ризашылық білдіретін уақыт болуға тиіс. Өмірге келгеніңізге, өмірге әкелгенге, жаныңыздан табылғанға, қол ұшін созғанға, жаратушыға алғыс білдіруді ұмытпаңыз.

12. Бір стақан су.

Ұйқыдан оянғаннан кейін бірден бір стакан су ішіңіз.  Осылайша сіздің денеңіз ылғалдың жетіспеушілігін толтырады, сіз тезірек оянасыз. 

Күнді дұрыс бастау сіздің тиімділігіңізді едәуір арттыра алады.  Таңертең өзін-өзі дамыту өте жақсы. 

Жалғыз қиындық – ерте оянуға дағдылану.  Ал мақсатыңыз бен арманыңыз айқын болса, ол да қиындық туғызбаса керек.

Интернет-дүкенде сатудың құпиялары
Өз ісіңде үздік болудың 15 тәсілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу