Балалар мен стоматолог

Oinet.kz 25-05-2020 831

Құрметті ата-аналар!

Сіздің балаңыздың емі нәтижелі және жағымды өту үшін мына жағдайларды ескергеніңіз жөн:

Баланы стоматолог қабылдауына әкелер алдында балаңыздың қорқынышын жеңілдетуге тырысыңыз. Жағдайдың маңыздылығын қате бағамдап, орын алған ахуалды ушықтыруға болмайды. Ондайда балаңызда қорқыныш сезімін оятасыз, дәрігер қабылдауына қорқып, еңсесі түсіп барады.

Дәрігерге барлық ақпаратты жеткізуге тырысыңыз, жасырмаңыз. Бала емдік шараларды өткізуге қарсылық білдіріп жатқанда, ата-аналар дәрігерге жәрдемдескісі келеді. Осы жәрдем нәтижесіз болған жағдайда, сіз бақылаушы ретінде болғаныңыз дұрыс. Ал, дәрігер емделуші баламен жеке қалғысы келетінін білдірген жағдайға түсінікпен қараңыз, соған дайын болыңыз.

Детская стоматология

Балаңызға емдік шаралар жүргізу барысында тәрбиелеудің қажеті жоқ. Себебі ол онсыз да мазасызданып тұрғандықтан бұл мәселеге мән бермейді.

Бұл жағдайда әр бір балаға өзіне тән қатынастың мәні зор.

Балаңыз жуас, сабырлы және тыңдағыш болса, кабинетте оған өзін емін-еркін жүруіне мүмкіншілік беріңіз. Қандай жағдай болғанда да балаға «ана жерге бар», «рахмет деп айт», «мұрныңды сүрт» деп жекіп, ұрыспаңыз.

Егер балаңыз дәрігер креслосына отырмай, қарсылық білдіріп жатса, дәрігерге баламен тіл табысуға мүмкіншілік беріңіз. Бұл жағдайда біріншіден, балаға билік көрсетудің қажеті жоқ. Екіншіден, баланы тізе бүгіп, ем алуға көндірмеңіз, баланың айтқанына жығылмаңыз. Үшіншіден, баланы ұрып-соқпаңыз, қорқытпаңыз, осы әрекетіңізден нәтиже болғанымен, тым қысқа болатынын ескеріңіз.

Бала дәрігер қабылдауынан өзін кінәлі және нашар бала екен деген сезімде емес, қөңіл күйі қөтеріңкі жағдайда шығу керек.

Баланың дәрігерді және емдік шараларды дұрыс қабылдау барысы ата-анаға байланысты, егер бала ата-аналардың өз денсаулығы жайлы теріс пікірлерді ести берсе, балада дәрігерден, дәрі-дәрмектерден,емдік шаралардан қорқыныш пайда болады. Егер Сіз қобалжулы болсаңыз, осы қобалжу балаға да әсер етеді.

Емдік шараларды жүргізу барысында мына жағдайлар баланың көңілінен қорқыныш сезімінен аластатады:

- терең тыныс алу, тыныс алу барысында дем алу мен дем шығаруды дауыстап санап отыру (ата-аналар есептеп тұрады);

- баланы жылама деп сөгуге болмайды, жас шығаруға тиым салу кері әсер береді, баланың сезіміне ортақтаса отырып, осы емнің қажет екенін ұқтыру қажет.

Емдік шаралардан кейін анасының не әкесінің баланы аялай отырып, құшағына алу өте маңызды.

Балалар стоматологына емге бару алдынан ата-аналарға ескерту:

Ата-аналардың өздері дәрігерге сенім білдіруі маңызды. Дәрігерге сенімсіздікпен қарайтын ата-аналар бар, олар әр бір әрекетті қадағалап, қайта-қайта тексеріп, баланың көзінше теріс пікірлер айтып отырады. Стоматолог дәрігердің атымен балаларды қорқытпаңыз, «тісіңді тазаламасаң, тіс дәрігеріне апарамын» деген сөздерді айтпаңыз. Бала қорқыныштан тісін де тазаламайды, тіс дәрігеріне баруға бата алмайды. Балалар ата-аналарының қобалжу сезімдерін тез қабылдайды, не болып жатқанын түсінбесе де, мазасыздана бастайды. Сол себепті «қорықпа, ауырмайды», «саған ештеңе істемейді, тек қана көреді» деген сөздер балаларда қорқыныш сезімін күшейте түседі.

Стоматолог қабылдауына баратын балаларда оң сезім тудыру үшін, өзіңіз стоматолог дәрігер кейпінде болып баламен ойнау керек. Тістерді тексеру барысы қорқынышты емес екенін көрсету үшін ойын барысында кәдімгі айна және мақтаны пайдалана отырып, бала отбасы мүшелерінің тістерін тексерсін, өзінің тістерін көрсетсін. Балаға дәрігер біздің саулығымыздың жағдайы жайлы қамданып отырғанын жеткізу қажет.

Өзіңіз баланың іс әрекеттерін құптайтыныңызды жеткізу үшін байсалды болыңыз, «дәрігерге бірге барамыз, мен жаныңда боламын» деп сенімін күшейтіңіз. Дәрігер қабылдауында баланы кемсітпеңіз, ұрыспаңыз, онымен жағдайды түзей алмайсыз. Егер балаңыз ем алуға көнбей жатса, баланы ұрып соқпаңыз, қабылдауды басқа күнге белгілеңіз. Не үшін ем қабылдамағанын сұрап біліп алыңыз да осы мәселені шешуге тырысыңыз. Дәрігер қабылдауына баруға бейімдеу үшін бірнеше рет стоматолог дәрігерге жай қаралу керек. Мәселен, тіс тазалауды үйрену мақсатында, сонда бірте-бірте баланың дәрігерге сенімі арта түседі.

Стоматолог дәрігерге бару үшін бала тоқ болу керек. Баланың батылдығын мақтай отырып қолдасаңыз, бұл оның батыл болуына септігін тигізеді. Стоматологқа бару оның тістерінің сау болуы үшін қажет екендігін ұғу керек. Баланың жанында ол тыңдайтын отбасы мүшесі болғаны абзал, себебі кейде балалар өзін ертіп келген үлкендермен кабинетке табан тіреп кірмейді. Кейде сол бала басқа отбасы мүшесімен келсе қорықпастан қабылдауда болады.

2-3 жастағы балалар жылына бір рет, 3 жастан жоғарғы балалар әр алты айда стоматолог тексеруінен өтіп тұру қажет.

«Уақытша саңырау»
Балмұздақтан уланудың алдын алу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу