Оразаның 14 пайдасы

Oinet.kz 04-05-2020 832

Рамазан сөзінің мағынасы «жану» дегенді білдіреді. Себебі бұл айда тәубаға келген әрбір мұсылманның күнәлары жанып, жоқ болады. Рамазан оразасы тек таң атқаннан күн батқанға дейінгі аралықта ішіп-жеуден тыйылу ғана емес. Сонымен бірге нәпсісіне тұсау салып жаман әдеттерден арылатын ай. Нәпсінің кісенделіп, тек қана жақсылықтың қақпалары ашылады. Себебі Хз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде : «Рамазан айы келгенде жәннәт есіктері ашылып, тозақ есіктері құлыпталады және шайтан шынжырлармен байланып тасталады»,-деген. Мұсылмандар бұл қасиетті айда тек ашығудың ғана емес рухани тұрғыдан да кемелденеді.

image.png

Ораза мұсылмандар үшін түрлі жаман әдеттерден, теріс ойлардан қорғайтын қорған. Бұл айдың шарапатынан Алла тағаланы мадақтап түрлі зікірлер айтып, қасиетті Құранды оқу және онымен сұхбатта болуы қоғамда бір рухани атмосфера қалыптасуына әсер етеді. Қоғамдық қатынастар нығаюының нәтижесінде мұсылмандардың бір–бірлеріне деген сүйспеншіліктері артады. Мейірім шапағатқа толы айда хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Көршісі аш бола тұра өзі тойып жүрген мұсылман бізден емес»,- деп тек мұсылмандарға ғана емес жалпы адамзатқа қайырымдылық жасауды үндеген.

Рухани кемелдену айында адамзат рухани жағынан да толықтыру үшін ораза ұстауы тиіс. Хз Мәулана «Ораза ауыз бекіткенімен қоса,  көкірек көзінің ашылуы»,-деген. Себебі адамның көкірек көзінің ашылуы арқылы ақиқатты таный бастайды.

Оразаның физикалық формасы бұл нәпсіні тәрбиелеп, рухани кемелденудің бір құрал болса, оразаны үш түрлі сатысы яғни, біріншісі рух оразасы - түрлі жамандықтарға деген құштарлықтардан ұзақ тұру және барына қанағат ету, екіншісі ақыл оразасы - тәкәппарлық пен менмендіктен айғу болса, үшіншісі нәпсінің оразасы - жеп-ішіуден және жыныстық қатынастардан аулақ болу.  Осы міндеттерді орындаған мұсылманның рух көзі ашылып оның физикалық күші жетпеген халдерге жетуіне мүмкіндік алады.  Егерде оразаны тек ішіп жеуден ғана арылу үшін ғана ұстаса оның аштығы қалады. Мұндай жағдайда осы қасиетті айда жасалған ғибадаттар әсерсіз болады.

Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіту тек рухани тұрғыдан ғана емес, адамның денсаулығына да үлкен пайдасы бар. Бұл туралы ғалымдар да арнайы мәлімдеме жасап, 365 күн бойы тамақ ішетін адамға жылына 30  күн ораза тұту дұрыс деп таныды.

Сондықтан да сіз ораза арқылы өз денсаулығыңызды да оңалта аласыз. Әлемде көптеген адамдарда бел алып келе жатқан қант ауруын емдеу үшін дәрігерлер 10-15 күндей ораза ұстауды кеңес етеді екен. Бұл дегеніміз, медицинаның өзі оразаны дурыс коруде деген соз. Бұл уақытта сіз ұйқы безінің демалуына көмектесесіз.

Француз биологы, ішкі ағзалар бойынша білікті дәрігер болған, Нобель сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің «Белгісіз адам» деген еңбегінде былай дейді: «Адамдар барлық ғасырларда ораза тұтқан. Сондай-ақ барлық діндер тамақ-судан тыйылып ауыз бекітуге шақырып келген. Адам ауыз бекіткенде ең бірінші аштық, одан әлсіздік сезінеді. Кейде осының әсерінен адам қобалжуы да мүмкін. Бұл сыртқы болып жатқан жағдайлар, бірақ ішкі организмде құбылыстар бұған қарағанда маңыздырақ. Осы сәтте бүйректегі қант қимылдайды, онымен бірге терінің астында сақталған майлар да қимылдап ериді. Ішкі ағзалар мен жүрек бір қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық организм өзіндегі сақталған қордан қажетті энергия жұмсай бастайды. Бұл – болашақта адам организмінің жақсы жұмыс істеуімен қамтамасыз етеді».

Әрине, оразаның алғашқы күндері аштық қаттырақ сезілуі мүмкін.  Алайда, адамның есте сақтау қабілеті артатын болады. Бастапқы да бас айналу, ауыздан жағымсы иістің шығуы да болады. Бірақ, уақыт өте ағзаңыздың өзі аштыққа үйрене бастайды.

Есте сақтайтын нәрсе, ауыз ашқан соң бірден майлы, асқазанға ауыр тағамдарды жеуден аулақ болыңыз. Бұл дегеніміз сіз өз денсаулығыңызға зиян келтіретін боласыз. Алла елшісі (с.а.с) ауыз ашар кезде тек бірнеше құрмалардан дәм тартып, аз ғана су ішіп ақшам намазына тұратын. Бізде осы әдетті үлгі ете отырып, ағзамызды аз тамақтануға және барынша құнарлы ас жеуге қарай дағдыландыру керекпіз.

Барша адам мұқтаж болып жүрген медициналық диета арқылы сіз өмір жасыңызды ұзартып, рухани тұрғыдан тазарып, мұсылманның бес  парызының бірін атқаратын боласыз.

Сонымен қысқаша оразаның 14 пайдасына тоқатлайық:

1. Ораза лимфоциттердің жұмысын жетілдіреді, адам ағзасының қорғаныш жүйесін нығайтады, иммунитеттерге қатысты жасушалардың құрамын жаңартып, жақсартады.

2. Ораза адам денесін май басудан, семіруден сақтайды, оның зардаптарын залалсыздандырады. Бұған дұға, Құран, намаз оқып қана қол жеткізуге болады.

3. Ораза бүйректі тас жиналудан қорғайды. Себебі ол кальцийлену процесіне кедергі жасайды, қандағы натрий құрамын көбейтеді. Мұның бәрі несеп жолында тас жинайтын тұздың бөлінуіне тосқауыл болады.

4. Ораза адам ағзасын жасушалар мен тіндерде түзілетін зиянды заттармен уланудан сақтайды.

5. Ораза ұстаған адамның ас қорыту жүйесі, оның қосалқы жүйесі жақсы жұмыс істеп, ас қорыту мен сіңіруге барлық мүмкіндік ашылады. Бұл жүйелер дұрыс жұмыс істейді.

6. Ораза кезінде (ауыз бекіткеннен ауыз ашқанға дейін) әсіресе, жастардың жыныстық сезімдерінде сабырлылық орнайды. Бұл жастардың жүйкелік және физикалық қажуын тоқтатып, оларды тәртіптен ауытқызбайды.

7. Оразаның ақыл-естен айырылу дертіне де шипасы мол. Мәскеудің психиатрия институты ашығу және диетаның көмегімен ақылдан адасушылықты емдеуге болатынын анықтап отыр.

8. Ораза әйелдердің бала көтеру қабілетін арттырады, ер адамдардың бел күші бұрынғыдан да күшейеді.

9. Оразада су ішуден тартыну ағзаның қуатын нығайтады, оқып-үйрену қабілетін жоғарылатады, зердені жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады.

10. Оразада адам ағзасындағы түзілімнен бұзылым басым болып, ол ауру, әлсіз жасушаларды жояды, қайтадан қалпына келтіру кезеңі басталып, жасушалар жаңарады.

11. Оразада шын жүректен Аллаһ Тағалаға сиыну сабыр мен қанағат сезімін сыйлап, ол ағзадағы зат алмасу қызметін нығайтып, адамның тәні мен жанын сауықтырып, қуанышқа бөлейді.

12. Ораза адамды жауапкершілік пен өзін-өзі тәртіпке шақыруға үйретеді, себебі ол оразаны іштей де, көптің көзінше де ұстайды емес пе?

13. Ораза адамды ешқандай пайда көздемейтін риясыз сезімге, төзімділікке үйретеді. Бұл кезде ол аштық пен шөлді, басқа да қолайсыздықты еш наразылық білдірмей көтеруді үйренеді.

14. Ораза адамға қаржыны қалай үнемдеп, ақша қорын қалай байыпты түрде қалыптастыруға болатынын көрсетеді. Егер әр нәрседе қанағат білдіретін болса, үй шаруасын жүргізуге де қаржы аз жұмсалады.

Суық тиюге жеңіл қарамаңыз!
Кең тыныс алыңыз! Демікпеге жоқ деңіз!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу