Дала патшайымы: жүгерінің пайдасы

Oinet.kz 29-07-2020 1224

Жүгері –көптеген адамдар бала  кезінен жақсы көретін дәм. Қайнатылған жүгері, бал татыған попкорннан бала кездің дәмі байқалады. Айтпақшы, қазір жүгерінің пісетін маусымы. Пайдасы орасан өнім жайлы тереңірек білгіңіз келе ме? Онда сізге қызықты мәліметтер тізбегін ұсынамыз!

image.png

Көптеген ғалымдардың дерегінре сүйенсек, жүгері –  жер бетіндегі ең алғашқы нан өсімдігі. Жүгері алғаш Орталық және Оңтүстік Америкада өсірілген. Оңтүстік Америкадағы Перуде жүргізілген зерттеуде б.з.д. V мыңжылдыққа жататын жүгері өнімі табылған. Сондықтан жүгеріні ықылым заманнан адам өмірінде азық болған деген пікір ақылға қонымды. 

image.png

Америкада жүгеріні майя тайпасы «маис» деп атаған. Ал майя тайпаларының маистың бірнеше сортын өсіргені белігілі, оның ішінде тез пісуге бейім «Қораз әні» деген түрі бар. «Қораз әні»  сорты көктеу басталысымен екі айда пісіп-жетілсе, «Маис-қыз» сорты үш айда жеуге жарамды болады. Сондай-ақ, майялықтар 6-7 айдан кейін пісіп-жетілетін «Маис-кемпір» атты жүгері түрін өсірген.

image.png

Жүгері өнімі сіз ойлағандай қарапайым емес. Жүгері-дәрумендердің қоймасы. Олардың ішінде Е дәрумені, B, K, PP, D,C дәрумендері, фосфор, калий, магний, мыс және никель бар. Сонымен қатар, оның құрамында пайдалы май және эфир майлары, қышқылдар және басқа заттар бар, мысалы, антиоксиданттық қасиеттер бар.

image.png

Жүгері жүрек-тамыр аурулары, инсульт, инфаркт, қант диабеті қаупін азайтады. Көру қабілетін сақтауға көмектеседі және өт қабының тонусын арттырады. Жүгеріні жиі тұтынсаңыз, холестерин деңгейі қалыпқа түседі. Асқазан жолдары қызметін реттейді. Жүгері жүрек қантамырлары жүйесінің жұмысын реттейді.Сау әрі  ұзын шаштың өсуіне оң әсер етеді. Жастық элексиріне тең жүгері  қартаюдан сақтайды. Құрамындағы В дәрумені ұйқысыздық, мазасыздықпен күреседі.  С дәрумені иммунитеттің көтерілуіне, Д дәрумені тіс ауруларына, сүйектің қатаюына көмектеседі.

100 грамм жүгерінің құрамында 365 калория бар, соған қарамастан жүгері диеталық өнім болып табылады, өйткені ол тәбетті төмендетеді.

Жүгері майы мидың жұмысы үшін маңызды фосфатидтерге бай, сонымен қатар атеросклероздың алдын-алу және емдеуде пайдалы. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Алкоголь ми қызметін жақсарта ма?
Күйзелістен қалай жылдам арылуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу