Жүктіліктің екінші триместрі

Oinet.kz 05-10-2020 794

Он төртінші аптада нәресте алғашқы нәзік түкпен жабылады. Ол өз кезегінде сәбиді қоршаған сулардан қорғайды.

Жүктіліктің 15-ші аптасында баланың кішкентай жүрегі тәулігіне 20 литрден артық қан өткізеді. Ал нәрестенің терісі жұқа және қызыл болады, ол сондай-ақ, ет жинаған баладан әлдеқайда ерекшеленеді.

Он алтыншы аптада ұрықтың басы кеудеге қатты жабыспай, бірте-бірте түзеледі. Сондай-ақ, бұл кезеңде баланың бетінің бұлшық еттері шыныққандықтан, бетін тыжырайтып, қабағын түйе алады.

17-ші аптада дененің жылу алмасуына қажетті «қоңыр май» жинала бастайды. Бірақ тері асты майы әлі қалыптаспайды.

Жүктіліктің 18-ші аптасында ортаңғы құлақтың құрылысы жетілетіндіктен, бала сізді ести бастайды. Сондықтан баламен әңгімелесіп және оған балалар әнін айтудың уақыты келді.

Келесі аптада бала өсіп және аяқ-қолдары айтарлықтай пропорционалды бола бастайды.

Жиырмасыншы аптада бала басында жұмсақ түктері бар, аяғы мен қолының саусақтарында кішкентай тырнақтары бар кішкентай адам болады. Ол іште жатып есінейді, сондай-ақ жұдырығын сорып, аунайды.

Жиырма бірінші аптада ағзаны жұқпалы аурулардан қорғауға жауапты болатын қан жасушалары өндіріле бастайды. Ал жетілген тіл бүртіктерінің арқасында ұрық қоршаған судың дәмін сезеді.

22-ші аптада нәресте қолын, аяқтарын, бетін сипап, саусағын сорады және аяқтарымен жатыр қабырғасынан итеріледі.

Жиырма үшінші аптада ұрық тері жасушаларының майымен қамданады.

Ал жиырма төртінші аптада сәби айтарлықтай үлкейіп, ет алады. Бұл уақытта бала бүкіл жатырды алып, оған бұрынғыға қарағанда қозғалу қиын болады.

Келесі аптада сүйегі бітіп, буындар пайда болады.

26-ші аптада сәби көзін аша алады.


Жүктіліктің үшінші триместрі
Жүктіліктің бірінші триместрі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу