Озонотерапия деген не?

Oinet.kz 07-10-2019 3174

Znalezione obrazy dla zapytania озонотерапия

Озонотерапия - заманауи емдеу тәжірибесіндегі емдеудің салыстырмалы жаңа әдісі.

Медициналық озон - таза озон мен таза оттегінің қоспасы. Қолдану тәсіліне байланысты қоспадағы озон концентрациясы 0,05-тен 5%-ға дейін өзгеруі мүмкін.

Озонотерапия - бактерицидті, вирусқа қарсы, иммуномодуляциялаушы, гипоксияға қарсы және дезинтоксикациялық әсері бар дәрі-дәрмектік емес емдеу әдісі. Озон қан айналымын белсендетеді, бұл біздің денеміздің түрлі органдарының бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі. Озонның аз концентрациясын ағзаға енгізу адамның иммундық жүйесін жақсартады, оның жұмысын реттейді, инфекцияларға қарсылыұтың артуына әкеледі. Сонымен қатар, озон ағзаның антиоксиданттарын белсендіреді, еркін радикалдардың айналымын басады. Озонотерапия арқылы жеңілдетілуі мүмкін бірқатар аурулар бар. Бірақ көп жағдайда озонотерапияны негізгі емдеуге қосымша ретінде пайдаланады.

Гидроозонотерапия – бұл ваннада озон-оттегі қосындысын сыртқа қолданатын озонотерапия әдісі. Озонотерапия адам ағзасына кешенді ықпал етіп, қабынуға қарсы және иммундымодультаушы әсер етеді, микроайналу мен зат алмасуды күшейтеді. Осы ретте коллаген мен эластин синтезі ынталандырылады, терінің ылғалды ұстап қалу табиғи қабілеті қайта-қалпына келеді. Нәтижесінде көзге ұрарлықтай жасарту эффектісіне қол жеткізіледі, тері тартымды және икемді бола түседі.

Ерте жүктіліктің алдын-алу өте маңызды
Гипогликемия қандай ауру?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу