22 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Screenshot_11.jpg

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)

Денсаулығыңызды қадағалаңыз. Туысқандарыңызбен, балаларыңызбен ұрысып қалуыңыз мүмкін. Сол себептен, ашуыңызды ақылға жеңдіріңіз.

Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)

Жоспарсыз шығын шығып кетуі мүмкін. Сондықтан жоспармен ғана жұмыс істеңіз. 

Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)

Жаңа істерді бастауға, жақындарыңызбен араласуға, оқуға өте қолайлы күн. Алған біліміңіз кәдеңізге жарайтын болады.

Шаян (22 маусым – 22 шілде)

Ашық әрі мейірімді болыңыз. Болашақта көп көмегі тиетін жаңа достар табуыңыз мүмкін.

Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)

Құжаттарға сақ болыңыз. Қателіктер орын алуы мүмкін. Бүгін күмән көп.

Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)

Егер дау сіздің пайдаңызға шешілмесе ұстамдылық танытыңыз. Жағдайды саралап, болашақта бүгінгі қателіктеріңізді жібермеңіз.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)

Күннің екінші жартысында жоспарыңыз өзгеруі мүмкін. Асығыс шешім қабылдамауға тырысыңыз.

Сарышаян ( (23 қазан – 21 қараша)

Қателіктеріңізді мойындап, бәрін жаңа парақтан бастауға қолайлы уақыт. Бүгін сәттілік сіздің жағыңызда.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)

Екінші жартыңызбен жанжалдасып қалуыңыз мүмкін. Және ол сіздің пайдаңызға шешілмейді. Сондықтан сақ болыңыз.

Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)

Жеке өміріңіздегі мәселелер асығыс шешім қабылдатуы мүмкін. Өзгерістерден қорықпаңыз. Позитивті болыңыз.

Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)

Кез келген іске батыл кірісіңіз. Бүгін кез келген істе жетістікке жете аласыз. Бірақ жоспарларыңызбен бөліспеңіз.

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)

Өміріңізді өзгерту туралы ойлап жүрген болсаңыз бүгін соны жүзеге асыратын уақыт келді. Тәуекелге барудан қорықпаңыз. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ​Сіз аң-құстардың өмір сүру ерекшеліктерін білесіз бе?
  • Оқ өтпейтін костюм
  • Баскетбол қайдан шыққан?
  • ​«Тірі» почта
  • Ертеңгі ауа-райын жануарға қарап білуге болады
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика