Қойдың жаралуы (аңыз-әңгіме)

Oinet.kz 21-12-2019 3082

Тәңірім он сегіз мың ғаламды жаратты. Тіршілік ету үшін жан-жануарларды жер жүзіне таратты. Осыдан бастап, Күн жерді алтын арайға бөлеп, таң атыпты. Кешке жақын қызарып барып күн батыпты. Барлық мақұлық күндізгі митың тірліктен шаршап келіп, ұйқыға шым батыпты. Құдай жаратқан жандының ішіндегісі шаян екен. Өзі айыр құйрықты екен. Адам мен жануарды шағып, күн бермепті. Күллі мақұлық оның мейірім мен достығын бір көрмепті. Маңындағы жандарға жәбір-жапасы көп тиіпті. «Адамның бәрін шағып өлтіремін деп кек түйіпті. Оның да себебі бар. Шаян мен қарақұрт Әбілет пен Тәбілеттің түкірігінен жаралған соң жер бетіне уын жайып, жоймақ болады. Адам ата бала-шағасын күзетіп, түні бойы қарақұрт, шаянмен алысып шығады екен. Бір күні шыдай алмай Жаратқаннан жәрдем сұрайды.

қой.jpg

 - Уа, Тәңірім, мына шаяндардың әлегінен құтқара гөр! – деп жалынады.

Тәңір тағала:

- Шөпті сипа! – дейді.

Адам ата шөпті «Біссімілдә» деп сипап еді, Құданың құдіретінен маңырап қой пайда болады. Тәңірсі момын малға ерекше қасиет дарытыпты. Ол қарақұрт пен шаянды қуалап жүріп жейді екен. Олардың уыты қозылардың уызына айналады. Қой жарықтық қарақұртты жеген сайын семіре беріпті. Содан бері қарақұрт пен шаян қойдың иісі бар жерге жоламайтын болыпты. Қойдың берекелі болатыны шөптен жаралған қасиетінен екен.

 «Экософия немесе киелі табиғат» кітабынан  

Ат – ер қанаты (аңыз-әңгіме)
Қазақы таным: не сұрау, не беру, не тілеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу