Қыс мезгілінде туылған балалардың ерекшелігі

Oinet.kz 21-01-2020

Баланың қандай болатыны қай мезгілде туғанына да байланысты. Қыста туған балалардың басқаларынан ерекшелігін білгіңіз келе ме?

сәби.jpg

Жақсы оқиды

Қыс мезгілінде өмірге келген балалар жазда туғандарға қарағандарға бірнеше айға үлкен болады. Дайындық сыныбына, бірінші сыныпқа барғанда балалардың жас айырмашылығында бірер айдың өзі роль ойнайды. Сондықтан миы да сәл еретерек дамып, психологиялық тұрғыдан мектепке баруға дайын болады. Сәйкесінше алатын бағалары да жоғарырақ болар.

Денелері ірі

Зерттеулерге сүйенсек, қыста туған балалар салмағы да ауыр, денелері де ірірек келеді екен. Бұл құбылыстың себеп-салдары әзірге түсініксіз, бірақ ғалымдар күндердің күнінде оны да зерттеп, түсіндіріп беретіні сөзсіз.

Шала тууы мүмкін

Қыс мезгілінде тұмау және басқа да сол секілді вирустар тарайды. Анасы осындай ауру жұқтырып алса, гинеколог белгілеген уақыттан ертерек босанып қалуы ықтимал.

Жиі ауырады

Қыс мезгілінде вирус пен инфекция жиі тарайтынын айттық. Одан қорғануға баланың иммундық жүйесі әлі әлсіз. Сол себептен қыс мезгілінде өмірге келген балаларды суықтан, жұқпалы инфекциялардан мұқият қорғау қажет.

Тері күтімі

Жаз мезгіліне қарағанда қыста ауа құрғақ болады. Бұл мәселемен үйде жүргенде күресуге болады, ал далада оған ештеңе істей алмайсың. Сондықтан да сәби терісі жиі құрғап, жиі-жиі ылғалдандырып отыруды талап етеді.

Күн жетіспеушілігі

Қыс мезгілінде терезеден жылтырап күн көрінгенімен, жаздағыдай қыздыратын күн болмайды. Ал күннен алынатын D дәрумені баланың бойына дарымаса, рахит ауруына шалдығып, жетілуі кешеуілдеуі ықтимал.

Дереккөз: zhambylnews.kz

Нумерология: телефон номеріңіз өміріңіз туралы не айтады?
Қымызмұрындық деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×