Әрбір әйел көруі тиіс 10 фильм

Oinet.kz 26-01-2020 2591

Ұсынған киноларды интернеттен іздеп көретініңіз белгілі. Өкінішке орай, ғаламторда қазақша аудармалары жоқ. Тек, орыс тіліндегі нұсқасын табасыз. Тиісінше, фильм атауларын орысша беруді жөн көрдік.

Перед рассветом

Before Sunrise, 1995

Айлы түндегі  алғашқы әңгімеден кейінгі махаббат. Олар бір-бірін танып, 6 айдан кейін қайта кездесуге уәде беруі үшін бір түн ғана жеткілікті болды.

перед рассветом.jpg

Жареные зеленые помидоры

Fried Green Tomatoes, 1991

Шағын кафеге қожалық ететін екі әйелдің достығына құрылған нәзік те иірімге толы фильм. 1930 жылдардағы АҚШ-қа саяхат жасайсыз.

помидоры.jpg

Неспящие в Сиэтле 

Sleepless in Seattle, 1993

Балтиморлық журналист Энни машинада радио тыңдап келе жатады. Радио бағдарламасында қайтыс болған әйелі жайлы айтып отырған ер адамның дауысын естіп, дәл осы жанға тұрмысқа шыққысы келетінін түсінеді.

неспящие.jpg

Коко до Шанель

Coco avant Chanel, 2009

Сән әлемін бағындырған Коко Шанель әйгілі модельер болу үшін талай қиындықтан өткен. Қайсар ханым бәрін қалай жеңгенін фильмнен көре аласыз.

коко да шанель.jpg

Все о Еве

All About Eve, 1950

Қолыңызда билік, ақша бар кезде қанша досыңыз бар? Жоқ кезде ше? Осы бір өмірлік философияға құрылған нәзік фильмді көру міндет.

все о еве.jpg

Деловая женщина

Working Girl, 1988

Жас бикештің мансап жолында бағы жанады. Қызметке қызыққаны сонша, бар жан-тәнімен беріліп кеткен. Нәтижесі ойландырарлық.

деловая.jpg

Дьявол носит Prada

The Devil Wears Prada, 2006

Қарама қарсылыққа толы әйелдер әлемін әдемі жеткізген фильм. Көруге кеңес береміз

дьявол.jpg

Малена

Malèna, 2000

13  жасар бала Малена есімді әйелге ғашық. Бірақ оны елеп жатқан ешкім жоқ. Соған қарамастан жеткіншек бала әйелдің әрбір басқан қадамын аңдып, сыртынан бақылап жүргенді ұнатады. Күйеуі майданда қаза тапқаннан кейінгі Маленаның тағдыры қандай болғанын сол баладан артық ешкім білмейді.

малена.jpg

Прислуга

The Help, 2011

1960 жылдары АҚШ әйелдері тұрмысқа шығып, үй шаруасымен айналысып, бала бағып отыруға міндетті еді. Алайда, жас әрі өршіл Скитердің бұл ізбен жүргісі жоқ. Ол енді басқа амалын қарастыра бастады.

прислуга.jpg

Mamma Mia!, 2008

Махаббат пен жастық сезімге толы көңілді, сазды комедия. Осы күнге дейін әкесінің кім екенін білмеген бойжеткен тұрмысқа шыққалы жүр. Аяқ астынан, оның үш әкесі пайда болды. Енді тойға дейін шынайы әке кім, соны табу керек.

Мамма.jpg

Қымызмұрындық деген не?
Белкөтерер деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу