Психологиялық тест: Бақытты жұпты табыңыз

Oinet.kz 10-06-2020 11208

Сіздің ойыңызша қай жұп бақытты?

image.png

1. Оптимист
Сіз өте белсендісіз. Жаныңыз нағыз махаббатқа құмартқанымен, оны таба алмай қаламын ба деп қорқасыз. Жүрегіңізге түскен сызаттарға қарамастан, кез келген адаммен тез тіл табысатын жансыз. Үнемі өзіңізді түсінетін достарды іздейсіз. Қарым-қатынастың адалдыққа негізделгенін қалайсыз. Бейтаныс адамдарға жылдам бауыр басасыз. Өмірдің онсыз да қиын екенін түсініп, адамдардың алдында көңілді де қарапайым адам болып көрінуге тырысасыз.

2. Тұрақты әрі тұйық

Сіз тұрақтысыз. Сырт көзге жолы болғыш, ең бақытты адам болып көрінесіз. Ішкі сезімдеріңізді өзіңіз де түсінбей қалатын сәттер болып тұрады. Сіздің ойыңызда не тұрғанын айту қиын. Сезімдеріңізді өзгелерге көрсеткіңіз келмейді. Өзгелерге көмек қолын соза білетін ақылды да байсалдысыз. Қоғамнан қалмай өмір сүруге тырысасыз. Дәрменсіздерге көмектескенді жақсы көресіз.

3. Қызуқанды әрі тұрақсыз

Сіз қызуқандысыз. Бөлменің ішіндегі ең жарық шам секілдісіз. Ашуланып жүресіз. Өмірде еш уақытта тоқтамайтын мотормен бірдейсіз. Ойыңызда түрлі идеялар бар. Үнемі жарысуды ұнатасыз.

4. Сіздің жан-дүниеңіз арпалысқа толы   

Не әлдекімге өте ашулысыз, не ренжіп жүрсіз. Тіпті бұл күй басымнан ешқашан өтіп кетпейтін шығар деп, ары қарай не істеу керегін де білмейсіз. Бірақ өмір мұнымен тоқтамайды. Қала сыртына шығып, жаныңызға тыныштық сыйлаңыз, миыңызды демалдырыңыз. Бойыңызға жиналған жағымсыз әсерді түгелімен шығарып тастаңыз, әйтпесе денсаулығыңызға кесірі тиеді. Өкпелеткендерді біржола кешіріңіз де, өмірді таза парақтардан бастаңыз. Өміріңізде әлі-ақ жақсы адамдар мен бақытты күндер көп болады.

Құйрық майдың біз білмейтін пайдасы
Қыз балаға ерекше есімдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу