Психологиялық тест: Тарағыңыз қандай?

Oinet.kz 15-07-2020 7947

Қай тарақтың иесісіз?

image.png

1.Арбаушысыз!
Тұла-бойыңыз толассыз энергияға толы. Кез келген адамды арбап аласыз. Көзіңізге қараған адам оның тұңғиығынан шыға алмай қалады. Барлық адамдар сізбен араласуға тырысады, алайда сіз бәрін жақындата бермейсіз. Сіз көпшіліктің қызғанышын тудырасыз. Сіздің пікіріңіз бен идеяңыз өте маңызды. Өзіңіздің көзқарасыңыз бен теорияларыңызды талқыға салғанды жақсы көресіз. Ойлана алатын, көп оқитын кісілермен әңгімеңіз жарасады. Ештеңеге жеңіл-желпі қарамайсыз. 

2.Қамқоршысыз!
Сіз мейірімділігіңізбен емдейсіз. Көп адам сізге жан сырларын ақтарады. Сіз адамға демеу көрсетіп, кеңесіңізді беруге әрдайым әзірсіз. Көп адам сізбен сөйлескеннен кейін жеңілдегендерін мойындайды. Елгезек адамсыз, барлығына түсіністік танытасыз. Адамдарға ақыл айтпай-ақ, тыныш тыңдай аласыз. Өзгелерге көмектескен өте ұнайды.

3. Махаббат үшін жаралғансыз!
Сіз әрдайым бір нәрсеге ғашықсыз. Бұл ер адамға ғана қатысты емес. Жұмысыңызға, қандай да бір затқа ғашық боласыз. Ғашықтық сіз үшін үйреншікті күй. Жайдары сыңғырлаған күлкіңіз еліктіреді. Әрбір сәтке қуана білесіз. Жеке басыңызға қатысты және қаржылық жетістіктерді жақсы көресіз. Алайда оны ең бірінші орынға шығарып жібермейсіз.

4. Мінсіз әйелсіз.
Сіздің талғамыңыз жақсы. Мінезіңіз байсалды, көңіліңіз жайдары. Өте сезімталсыз. Сізден бір нәрсе жасыру мүмкін емес. Сіз адал доссыз. Құпияларды сақтай білесіз. Армандауды жақсы көресіз. Армансыз өміріңізді елестете алмайсыз. Бойыңызда биязылық басым. Жасыңыз нешеде болса да, жаныңыз әрқашан да жас. Егер ер адамды шынымен ұнатсаңыз, оны өзіңізге қарату сізге қиынға соқпайды.

Бала үйдің ішінде отыр ма, сыртында ма?
Қасиетті Меккені 10 жыл басқарған қазақ кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу