Ақсүйек адам қалайша маньяк болды?

Oinet.kz 12-08-2020 1444

Атақты ақсүйек әулет Радзивиллов байлығы шексіз, өзгеше болмыстты адамдары бар отбасы. Олардан қолбасшы, саясаткер, дипломат, меценат, ғалым,бақшашылар шыққан. Алайда, Мартин Радзивиллдің қатыгездігі жайлы Польша, Литва және Беларуссияда әлі күнге дейін аңыздар бар.

image.png

Сурет ашық дереккөзден алынды

Мартин алхимияны жақсы көріп, философиялық тас жасауды армандады. Отбасылық қамалында шексіз эксперименттерге арналған зертхананы жабдықтады. Қызығушылық шектен шығып, эксперименттер үшін адамдардың қаны қажет болды. Әуелі мәйіттердің қанымен жұмыс жасағаны қанағаттандырмаса керек, Чернавчицидегі қамалдың маңында сәбилер мен қыздар көп мөлшерде жоғала бастады.Адамдардың қанын мойнына жүктеген қандықол тым жауз еді. 

Мартин тіпті өз отбасын азаптаудан тартынбады. Тұтқындарды биологиялық ерекшеліктеріне байланысты затша сұрыптап, қатігездік танытты. Тұтқындар өте жас қыздар  мен орта жастағы әйелдер еді. Мартиннің қамалында жасырын гарем бой көтерді. Құрбадарына зорлық-зомбылық жасау үйреншікті жағдайға айналды. Гаремнің кәнизактарынан туылған балалар өлтіріліп отырды. "Дистилляцияға" ұшыраған балалардың қаны арнаулы жабдықтар арқылы сорылды.

Мартин ақыл күшімен ғылым үшін үлкен ерлік жасайтынына сенді. Ақыр соңында оның жауыздығын патша да білді. Радзивиллдің ісі барлық мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып қаралды, оны қоғамнан оқшаулау туралы шешім қабылданды. Қоғамдық жазадан Радзивилланы ақсүйек екендігі арашалап алды. 


Психологиялық тест: «Өзіңізге ұнаған табиғат көріністерінің бірін таңдаңыз!»
Әлемге әйгілі шахматшы неге мектепте оқымады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу