Есіміңіздің бас әріпі сіз туралы көп нәрсе айта алады!

Oinet.kz 09-12-2020 3129

Есіміңіздің алғашқы әріпі сіз туралы көп нәрсені айта алады. Төмендегі әріптердің арасынан есіміңіздің бастапқы әріпін таңдаңыз және өзіңіз туралы біліңіз!

Қазақ есімдері.png

А. Адамдардың көзіне дөрекі әрі суық адам болып көрінесіз. Алайда, мүлде олай емес. Әлемде сізден асқан керемет жан жоқ. Сіз жомарт, қолы ашық, өзгелерге көмек қолын созуға дайын жансыз. Қандай жағдайда не істеу керектігін білесіз! Жалған сөйлей алмайсыз.

Б. Жеке өміріңіз жайлы айтқанды жөн көрмейсіз. Әр істің мәнін білуге ұмтыласыз. Адамдардың бір-бірін құрметтегенін қалайсыз. Сонымер қатар сезімтал әрі жүрегі жұмсақ жансыз.

С. Сіз көпшіл адамсыз. Жалғыз қалудан қорқасыз, сол себепті үнемі көпшілікпен араласып жүруді қолдайсыз. Айналаңызда болып жатқан оқиғаларды үнемі бақылап жүресіз. Бұл сіздің байқампаз жан екендігіңізді көрсетеді.

Д. Айналаңыздағы адамдарға өзіңізді сынбайтын, мықты адам ретінде көрсеткіңіз келеді. Шын мәнінде біраз адамдар сіздің күшіңізден, сұсыңыздан қорқатыны бар. Сонымен қатар, жүрегіңіздегі мейірім мен жұмсақтықты жасырып үйренгенсіз. Алайда, оны жүзіңізден аңғартып қоясыз.

Е. Қарым-қатынас, байланыс әрбір істің кілті. Миыңызды дамытып, жетілдіріп отырғанды ұнатасыз. Басқа адамдардың тым қатты ақылды болуы сіздің басты қорқынышыңыз.

Ф. Сіз шексіз романтиксіз. Адал, романтик және сезімтал жансыз. Бұл сіздің мықты тұсыңыз болғандықтан серіктесіңізден де осы нәрсені күтесіз.

Ж: Сіз перфекционистсіз.  Үнемі қозғалыста жүргенді ұнатасыз, өйткені сіз жай ғана бір жерде отырып жұмыс жасай алмайсыз.  Өзіне сенімді және ақылды адамдарға  назарыңыз бірден ауары сөзсіз.  

Қ: Сіз өте еңбекқор жансыз. Армандарыңызға жетер жолда тырбанып, бар маңдай теріңізді төгудесіз. Аз қалды. Шыдаңыз!  Сіз қалаған нәрсеңізге қол жеткізу үшін бәрін жасайсыз.  

Ы/ І: Өмірді шексіз сүйетін, үнемі көңіліңіз көтеріңкі жүретін адамсыз. Сіз ғашық болудан гөрі сән-салтанатты ортада жүруден ләззат алатын материалист жансыз.

Г: Сіздегі мол қуат өзіңізді де өзгелерді де әрқашан шабыттандырады және өзгелер сіздің бұл энергияңызға таңдана қарайды.  Сіз ең қиын қарым-қатынастарға төтеп бере алатын, қабілетті адал және мінезді адамсыз.

К: Сіздің сыртқы келбетіңізге қарап басқа адамдар өте ұялшақ және жабық адам деп ойлауы мүмкін.  Бірақ олар сізді білмейінше сондай болжамға келіп тұр.  Олар сіздің керемет, күлкілі және сүйкімді жан екеніңізді араласа келе білетін болады.

Л: Сізде өте жанашыр және шынайы мінез бар.  Сіз әрқашан біреуге көмектескіңіз келіп тұрады  Себебі бұл бұл әрекет сізді бұл өмірдегі ең бақытты жан етеді.  

М: Сіз өте ақылдысыз. Қалағаныңызға қол жеткізуден ешқашан бас тартқан емессіз. Сіздің ұраныңыз: "Мен жеңіске жетемін!".  Сіз кемелдікке сенесіз және сол деңгейге жеткенше тоқтамайсыз.  

Н: Шектен тыс ойлау жүйесі. Бұл сізді нағыз суретші және шығармашылық адам екендігіңізді анықтайды.  

О / Ө: Есімдері O немесе Ö әрпінен басталатын адамдар, әдетте, өздерінің ережелерімен, заңдарымен және шектеулерімен өмір сүреді.  Олар  өте нәзік болғандықтан басқалардан олардың өмір салтына құрметпен қарауды талап етеді.

P: Басқалардың сізді жеке тұлға ретінде қабылдауына тым қатты мән бересіз.  Бұл сіздің жақсы адам екендігіңізді көрсетеді. Сондай-ақ, сіздің әлеуметтік мәртебеңіз сіз үшін көп нәрсені білдіреді.  

П: Сіз өзгелерді ақылдылығыңызбен баурап аласыз.  Ақыл-парасатыңызды арттыру ойыңыздағы жалғыз мақсат, сондықтан сіз оны жүзеге асыру үшін бәрін жасайсыз.  С / Ш: Егер сіздің атыңыз С немесе Ш әрпінен басталса, ымырашыл жан екендігіңізді білдіреді.  Ббасқаларды өзіңізден артық ойлайсыз.  

Т: Сіз өзіңіздің күнделікті тіршілікпен өмір сүргенді ұнатасыз. Тыныш өміріңізге өзгелердің кедергі келтіргенін қаламайсыз. Сіз күнделікті режимді ұстанасыз, себебі сізге өзгерістер ұнамайды, әдетте сіз өз жоспарыңызға сүйенуді жөн көресіз.

Ұ / Ү: Сіз өте ынталы және позитивті адамсыз.  Қиын күндерде оптимизм мен позитивті көңіл-күйді сақтай білу - бұл сіздің мотиваторларыңыздың бірі.  

В: Сіз тәуелсіз жеке адамсыз.  Сіз өзіңіздің кеңістігіңізге себепсіз енген адамдарды ұнатпайсыз.  

У: Сіз эмоцияға толы жансыз. Қандай іс болсын көңіліңізге жақын қабылдайсыз.  Сіз бәрін өз қалауыңыз бойынша жасағанды жақсы көресіз, сонымен қатар сіз өз өміріңізді толықтай басқара аласыз.  

З: Есімдері Z әрпінен басталатын адамдар махаббатқа әуестенеді.  Олар махаббатқа жан тәнімен берілген жандар.  

Түрік тілінен аударған: Oinet.kz тілшісі. 

Психологиялық тест: «Шәй ішетін стаканның бірін таңдаңыз!»
Психологиялық тест: «Сіз орындықта қалай отырасыз!?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу