Жарамдылық мерзімі өтпейді деп жүрген заттар туралы не білеміз?

Oinet.kz 28-01-2021 1498

Консервіленген балық, сүт өнімдері, салат. Бұл заттардың жарамдылық мерзімі туралы ақпарат ыдыстарында немесе пакеттерінде тұрғандықтан, соған қарап тауарды сатып аламыз. Ал ондай ақпарат болмаса не істеу керек? Oinet.kz тілшісі жарамдылық мерзімі өтеді деп ойламаған заттарды назарларыңызға ұсынады. Соған қарай үйіңіздегі заттарды басқасына алмастырып отырыңыз. Деніңіз сау болсын десеңіз, гигиена мен тазалықты сақтағаныңыз абзал.

фон.png

Біз білмейтін жарамдылық мерзімі өтетін заттар:

1. Жастық

(2-3 жыл)

Жастық қандай өнімнен жасалса да, оны қолдануға болатын мерзімді уақыты болады. Уақыт өткен сайын жастық бұрынғы формасын жоғалтып, адамда мойын аурулары пайда болуы мүмкін.

2. Үйде киіп жүретін аяқ киімдер

(6 ай)

Аяқ киім – гигиеналық тәртіп бұзылуы мүмкін дүние. Тазалық сақтау үшін оны жақсылап жуып тұру ұсынылады.

3. Ыдыс жуатын губка

(2 апта)

Ыдыс жуатын губка мен жуынғанда пайдаланатын ысқышта зең тез пайда болады. Егер олар табиғи немесе синтетикалық өнімнен жасалған болса, оларды қайнатып қайта қолдануға мүмкіндік бар. Алайда уақыты келгенде ауыстырып тұрған дұрыс.

4. Бет сүлгісі

(1-3 жыл)

Сулы сүлгілер бактериялар шоғырлануға идеалды орын. Бұндай жағдайда кейде оларды жиі жуғаныңыздың да әсері болмауы мүмкін.

5. Тіс щеткасы

(3 ай)

Тіс щеткасын уақыты келгенде ғана емес, грипп болғаннан кейін де ауыстырған дұрыс. Себебі ауырғанға дейінгі тіс щеткасын пайдаланған адамның қайта ауру ықтималдылығы жоғары.

6. Иіссу

(1-3 жыл)

Эфир майы қосылған иіссуларды жабық күйінде 3 жылға дейін сақтауға болады. Ал ашылғаннан кейін оның жарамдылық мерзімі - 2 жыл.

7. Автокресло

(6-10 жыл)

Пластмасса мен пена уақыт өткен сайын формасы мен мүмкіндіктерін жоғалта бастайды. Соның салдарынан автокресло балаңызды толыққанды қорғай алмайды. Сол себепті бұл құралды пайдаланылған күйде алмаған дұрыс.

8. Ұн

(6-12 ай)

Бірінші сорттағы ұн - 6, ал жоғары сорттағы ұн - 12 ай сақталады. Одан уақыты өтіп кетсе, оларды пайдалануға болмайды.

(фото ашық дереккөзден алынды)

Психологиялық тест: «Өзіңізге ұнаған әйел образын таңдаңыз!»
Психологиялық тест: «Өзіңізге ұнаған көліктің бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу